ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті технологиялық факультеті «Химия және химиялық технология» кафедрасында 2021 жылдың 19 қарашасында оқу-әдістемелік жұмыстарды жетілдіру мақсатында кезекті ғылыми-әдістемелік семинар жалғасын тапты.

Бұл семинарда «Болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың басым бағыттары» тақырыбы жан-жақты қамтылды. Ғылыми – әдістемелік семинарды PhD, қауымдастырылған профессор м.а. Нурлыбаева Айша Нурлыбаевна арнайы дайындалған баяндама және презентациялық материалдарды пайдалана отырып жүргізді.

Ғылыми-әдістемелік семинардың мақсаты – болашақ мамандарды даярлауда тұлғаны қалыптастыру мен дамытудың маңыздылығын көрсету, сонымен қатар, болашақ мамандардың құзыреттілігін, кәсіби және тәжірибелік дағдыларын арттырудың тиімді әдістерімен таныстыру.

Семинарға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы,  магистранттар және докторанттар қатысты.

«Химия және химиялық технология»
кафедрасының аға оқытушысы химия магистрі
Мамешова Саят Әлішеріқызы

Top