Кездесу барысында Бахтияр Қаржаубайұлы студент жастарға қазіргі уақытта еліміздегі діни ахуалдың жайымен таныстыра отырып, діни экстремизм мен лаңкестікке жастардың бой алдырмауы үшін мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар төңірегінде, сондай-ақ, ондай жастарды теріс пиғылға насихаттайтын ұйымдардың әліде жұмыс атқарып келе жатқандығын ескере отырып, олардан қалай сақтануға болатындығы туралы сақтық шараларында атап өтті. Сонымен қатар Бас прокуратураның ресми мәліметі бойынша, соңғы жылдары сот орындары тарапынан 15-ке жуық теріс ұйымдарға еліміздің территориясында іс-әрекет жүргізуге тыйым салынғандығын, күрестің негізгі қағидаларының бірі – халықтың қолдауы екендігін, бұл қолдауға ие болу үшін сенімді болу қажеттілігін, сенімді болу үшін терроршыларды ұстау, оларды ұстау үшін қолында өкілеттігі мен білімі болуы, қолында өкілеттігі және білімі болуы үшін кәсіби деңгейі мықты болуы керектігінде назардан тыс қалдырмады. Осы керектердің жолында бірігіп күресуге тиіспіз дей келе, қолдауға ие мемлекет лаңкестік және экстремизм сияқты қауіп-қатерге бөгет болып, сүттей ұйыған бірлікті шайқалтуға, ел ішінде туындауы мүмкін бөлінулерге төтеп береді. Сол себепті лаңкестікпен күрес мемлекеттік органдардың ғана борышы емес, әрбір қазақстандықтың міндеті деп атап өтті Бахтияр Қаржаубайұлы.
Кездесу соңында студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға толықтай жауап берілді.
«Химия және химиялық технология» кафедрасының
аға оқытушысы, химия магистрі Мамешова Саят Әлішеріқызы