Конференцияда 13 баяндама тындалды, оның ішінде Төле би атындағы №8 гимназиясының, Жамбыл гуманитарлық колледжінің, №9 Меркі колледжінің, Тараз инновациялық көпсалалы жоғары колледжінің, Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің, Назарбаев Зияткерлік мектебінің, Ә. Бөкейханов атындағы №1 гимназиясының, Қазіргі заманғы гуманитарлық - техникалық колледжінің, А. Молдағұлова атындағы № 28 мектебінің, Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектепте оқитындардың білім алушылары қатысты.
Студенттік ғылыми үйірмесінің ашық отырысының қорытындысы бойынша үздік баяндамалары үшін Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Серікбай Аяжан Нұржанқызы мен Әуесбек Балауса Жұманқызы бірінші орынға ие болды. Екінші орынды А.Бөкейханов атындағы №1 гимназиясының оқушысы Алымова Амина, Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің оқушылары Есен Еңлік пен Балтабай Марғұлан иеленді. Үшінші орынды Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Нұрғали Даниал мен Ә. Молдағұлова атындағы № 28 мектептің оқушысы Даульбаева Нуркуль иеленді.
Барлық қатысушыларға салтанатты түрде сертификаттар, жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар, ғылыми жетекшілеріне алғыс хаттар табыс етілді.
"Химик" студенттік ғылыми үйірмесінің осындай ашық отырысы жоспар бойынша оқу жылының әр семестрінде бір рет өткізіледі, келесі ашық отырысы ағымдағы оқу жылының көктемгі семестрінде болады деп жоспарланған.
«Химия және химиялық технология» кафедрасының
аға оқытушысы, техника және технология магистрі
Шинибекова Асем Абдула-хаимовна