ТАМАҚ ӨНДІРІСІ САЛАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

2021 жылдың желтоқсан айының 2 күні «Тамақ өндірісі және биотехнология» кафедрасының «ҒЫЛЫМ ӘЛЕМІ» студенттік ғылыми үйірмесінің «Тамақ өндірісі саласындағы ғылыми зерттеулердің өзекті мәселелері» тақырыбында ашық отырысы өтті.

«Тамақ өндірісі саласындағы ғылыми зерттеулердің өзекті мәселелері» тақырыбындағы  ашық отырысқа Жамбыл индустриалды технологиялық колледжінің, №16 Жуалы колледжінің студенттері, №10,44 мектептерінің оқушылары мен кафедраның ПОҚ қатысты.

Ашық отырыстың бағдарламасына сәйкес:

- «Ғылым әлемі» студенттік ғылыми үйірме жетекшісі, т.ғ.к. Ә.Қ.Садыбаев «Тамақ өндірісі және биотехнология» кафедрасында жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстары жайлы;

- «Микробиологиялық зақымға тұрақты нан-тоқаш өнімдерінің технологиясы» тақырыбында магистр Л.Ж. Алашбаева;

- «Ірімшік жасау технологиясы» тақырыбында  №16 Жуалы колледжінің студенті Арайлым Ахажанова;

- «Қазақтың ұлттық тағамдары» тақырыбында №16 Жуалы колледжінің студенті Нұрланқызы Мадина баяндамаларын жасады.

Ашық отырыста колледж студенттерімен және мектеп оқушыларымен бірлескен ғылыми –ізденіс жұмыстарды жүргізу мәселелері талқыланды.

«Тамақ өндірісі және биотехнология» кафедрасының материалды- техникалық базасы таныстырылды. 

Баяндама жасаған колледж студенттерімен және олардың жетекшілеріне Технологиялық факультеті деканы атынан алғыс хат табысталды.

1

2

Top