Осыны ескерген М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасының оқытушы мамандары техника ғылымдарының кандидаты Халипа Садиева және аға оқытушы Айсұлу Сәдібайқызы Тараз қаласындағы Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушылары арасында «Мектеп оқушыларына химия пәнінен ғылыми жоба тақырыбын таңдау мәселесі» тақырыбында семинар өткізді. Жалпы ғылыми жоба конкурстарына химия пәнінен тақырып таңдау 8,9,10,11 сынып арасында жүргізілетіні белгілі. Тақырып таңдалғаннан кейінгі жұмыс сол тақырып бойынша мазмұны, кіріспе бөлімі, әдебиеттік шолу және тәжірибелік бөлімі мен қорытынды бөлімін ашу үшін жүргізілетін зерттеулер екені түсінікті. Міне, ғалымдардың кеңесі осы кезде керек. Семинарда осы мәселелер бойынша оқытушылар оқушыларға қажетті ақпараттарды түсіндірді.
Оқушылар ғылыми жоба тақырыбын таңдау және жазу кезіндегі кездесетін қиындықтармен бөлісіп, университет ғалымдарынан ақыл-кеңес алды.
А. Құлажанова,
«Химия және химиялық технология» кафедрасының
аға оқытушысы.