Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көрерсің

Жақсылыққа қайырымдылықпен жауап беру әр жанның болмысына біткен ізгі амал. Маңайыңдағы мұқтаждарға мейірімділік пен ізгілік, достыққа адалдық таныту – адамгершіліктің белгісі болса, адамзаттың барлығына «бауырым» деп қарау Абайдан қалған өсиет.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Химия және химиялық технология» кафедрасының 6В07115-“Химиялық инженерия және процестер” және 6В05314-“Химия” білім беру бағдарламасының 3-ші курс қазақ және орыс тобының білімгерлері кураторлық сағаттың күнтізбелік жоспары бойынша “Жетім көрсең-жебей жүр” тақырыбы аясында Тараз қаласының тұрғыны, жалғызбасты көпбалалы анаға азық-түліктер мен материалдық көмек көрсетті.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» — деген екен дана халық. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске әрбір адамның азаматтық парызы.

Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.

Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Мұндай игі істерді жасау студент жастардың бойында рухани, адамгершілік, мейірімділік сияқты ізгі қасиеттерді қалыптастырады.

2

3 курс кураторы, БЗХТ магистрі,

аға оқытушы Кулбаева Дильбар Алмановна

Top