Жұмыс берушілермен кездесу өтті

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті технологиялық факультеті «Химия және химиялық технология» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазфосфат» ЖШС қызметкерімен кездесу өтті. Кездесуге кафедра меңгерушісі х.ғ.к., профессор Бақытгүл Масалимова, кафедраның профессор оқытушылар қауымы, «Қазфосфат» ЖШС білім беру және даму бойынша Бас менеджері Әсел Тіленшиева және кафедраның 6В05314 Химия, 6В07115 ХИП білім беру бағдарламасының 3, 4 курс студенттері, 5В07200 – БЗХТ мамандығының 4 курс студенттері қатысты.

Кедесуде Әсел Ғабитқызы болашақ маман иелеріне стратегиялық серіктестік бойынша арнайы материалдарға сүйене отырып, «Қазфосфат» ЖШС қазіргі заманғы даму сатысымен, бағдарламаның мақсатымен, болашақтағы атқарылар жұмыс түрлерімен таныстырды. Кәсіпорынның инженерлік техникалық бағыттағы жас мамандарды қызметке тарту бойынша қандай жұмыс орындарын ұсына алатындарын түсіндірді. Берілетін жұмыс түрінің болашақтағы маман иелерінің кәсіби тұрғыдан шыңдалуына оң әсері болатындығын жан-жақты түсіндіріп берді.

2

Сонымен қатар, қазіргі уақытта университетте білім алып жүрген 3, 4 курс студенттерінің де білім ала жүріп арнайы келісім-шарт негізінде өндірістік және инженерияның химиялық технологиясы, геология, тау кен ісі, автоматтандыру және басқару, энергетика, механика және құрылыс сияқты бағыттарда жұмысқа орналасуына болатындығын, олардың арнайы талаптарға сәйкес келуі керек екенін атап өтті. Қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілін еркін меңгерген, фосфор өндірісі саласында жұмыс істеуге деген ынталарының болуы жөнінде, жұмысқа орналасу кезінде тағылымдамадан өтуі туралы да мәселелер тереңінен қозғалды.

Жалпы өндіріс орнында жұмыс істеуге ниетті студенттер  алдымен сұхбаттасу, тестілеуден өту, болашақ тәлімгерімен сұхбат жүргізу сияқты арнайы сараптау сатыларынан өтуі тиіс. Кездесу соңында Әсел Тіленшиева келешекте жұмыс істеуге ниеті бар студенттермен жеке-жеке сұхбат жүргізіп әңгімелесті. Студенттерде өз тараптарынан толғандырып жүрген сұрақтарын қойып толық қанды жауаптарын ала алды.

Саят Мамешова,

«Химия және химиялық технология»

кафедрасының аға оқытушысы, химия магистрі.

Top