ТҮЛЕКТЕРМЕН КЕЗДЕСУ

2022 жылдың 27 қыркүйегінде М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Технологиялық факультетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасының аға оқытушысы А.С. Кулажанова Тараз қаласының №38 орта мектебінде мектеп бітіруші 11 сынып оқушыларымен «Кәсіптік бағдар беру» жұмысы бойынша   кездесу өткізді.

Кездесу барысында Кулажанова А.С. мектеп бітіруші түлектерді М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіндегі білім беру бағдарламалары және өткізілетін Ұлттық біріңғай тестілеудің (ҰБТ) жаңа ережелерімен таныстырып, түлектер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, 6В05314-«Химия» білім беру бағдарламасының өңірімізде алатын орынын, маңыздылығын айқындап, жан-жақты мағлұматтар берді. Сонымен қатар, «Химия және химиялық технология» кафедрасында дайындалатын білім беру бағдарламалары бойынша көптеген керекті мәліметтерді бітіруші сынып оқушыларына жеткізді.

Кездесу кезінде оқушылардың назарына «Химия және химиялық технология» кафедрасының білім беру бағдарламалары туралы бейнероликтер ұсынылды. А.С. Кулажанова кездесу соңында – «Мамандық таңдау – адамның жас шағында қабылдайтын ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді аяқ басқалы тұрған жас жеткіншектің алдында көптеген мамандықтың, оқу орнының ішінен өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандық дегеніміз бұл  кәсіп, сүйікті іс, шығармашылық, қызығушылық, еңбек көзі болып табылады. Мамандықты дұрыс таңдау – ол өмір жолының сәттілігінің негізі. Таңдайтын мамандығың өзіңе, қоғамға қажетті, әрі қолыңнан келетін, көңіліңнен шығатын және оқуды бітіргеннен кейін жұмыс таба алатын оқу болуы керектігін жеткізді. Әр адам өз қабілетіне, икемділігіне қарай мамандық таңдауы тиіс. Мамандық таңдау мәселесі, әсіресе біздің қоғамымыздың нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе деп өз ойымен бүгінгі өткен кездесуді қорытындылады.

2

3

4

5

6

7

«Химия және химиялық технология»

кафедрасының аға оқытушысы   Кулажанова А.С.

Top