Осы қойылымды тамашалауға кафедраның оқытушылары Юсупова Л.Х., Байдильдаева А.К. және «Былғары бұйымдарының инновациялық технологиялары» мамандыңының студенттері барды.
Рухани байлық – тәрбие негізі
3 қараша кұні Мұхтар Әуезов атындағы Алматы театры өзінің ең үздік қойылымдарының бірі - "Қоштасқым келмейді" драмасын киелі Тараз қаласының тұрғындарына ұсынды.
«Қоштасқым келмейді» драмасының авторы - А. Володин, аударған: А. Маемиров. Драманың негізгі сюжеті -некелерін бұзуға сотқа келген киепкерлерді татуластырмаққа судья барын салмақ болады. Алайда өзімшіл ерлі-зайыптылар бірін-бірі тыңдаудан, түсінуден қалған... Шарттылық белең алатын қойылымда әр кейіпкер әртүрлі таным, жеке дүниетанымын алға тартады. Әрбір кейіпкер, яғни әрбір адам – жеке әлем, тек сол әлемге үңілу, оны түсіне, қажет болса кешіре білу – үлкен қасиет. Бұл драманың авторы негізгі отбасылық өмірдің мәні мен проблемасын көрсеткісі келген....