ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРЛАНЫ

2022 жылдың 5-ші қазанында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Технологиялық факультеті «Химия және химиялық технология» кафедрасының 6В05314 Химия білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері мен топ кураторы химия магистрі Мамешова Саят Әлішеріқызының ұйымдастыруымен Мұхтар Әуезовтың туылғанына 125 жыл толуына орай «М. Әуезов – қазақ әдебиетінің тарланы» атты әдеби кеш өтті. Әдеби кеш технологиялық оқу кешеніне қарасты  Кітапханалық ақпараттық орталықтың кооркинг залында ұйымдастырылды. Іс-шараға «Химия және химиялық технология» кафедрасының меңгерушісі м.а. Матниязоа Гүлсім Қадыржанқызы, аға оқытушы, магистр Баданоа Роза Рыскелдиевна, 6В05314 Химия білім беру бағдарламасының 1, 2, 3-ші курс студенттері және Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, әдебиеттанушы Мақашев Бақытжан Маханұлы, университет тынысы газетінің редакторы Үсейінова Ардақ ханым қатысты.

Әдеби кеште студенттер Мұхтар Әуезовтың шығармаларын арқау ете отырып арнайы әзірленген баяндамалар оқып, ақын-жазушылардың арнау өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар тақырыпты арқау етіп әртүрлі әндер орындалып, көрермендер назарына Мұхтар Әуезов туралы бейне фильм, презентациялар ұсынылды. Кеш барысында Бақытжан Маханұлы, Ардақ ханымдар мазмұнды, мәнді-мағыналы және терең ойлы пікірлерімен ой бөлісті. Көрермендер ризашылықтарын білдірді.

2

3

4

5

Мамешова Саят Әлішеріқызы

«Химия және химиялық технология» кафедрасының

аға оқытушысы, химия магистрі

Top