Текстиль және сапа» студенттік ғылыми үйірмесімен Дүниежүзілік Сапа күніне «Сапа және қауіпсіздік – заман талабы» тақырыбында өткізілген шағын конференциясы

«Текстиль, материалтану  және стандартизация» кафедрасының «Текстиль және сапа» студенттік ғылыми үйірмесімен Дүниежүзілік Сапа күніне орай  «Сапа және қауіпсіздік – заман талабы» тақырыбында 11.11.2022 ж. Жамбыл облысы және Тараз қаласының колледждері мен мектептерінің білім алушыларының арасында шағын конференцияның ашық отырысы өткізілді.

Өнім сапасының мәселесі кез келген елдің экономикасындағы маңызды бағыттардың бірі болып табылады.

Бүкіл қоғамның назарын өмірдегі сапаның маңыздылығына аудару үшін «Біріккен Ұлттар Ұйымының  қолдауымен Еуропалық сапа ұйымы 1989 жылдан бастап Дүниежүзілік сапа күнін атап өтуді ұсынды.

«Дүниежүзілік сапа күні» мерекесі жыл сайын қарашаның екінші бейсенбісінде тойланады. Дүниежүзілік сапа күнін атап өтудің мақсаты - өнімдер мен қызметтердің сапасының мәнің арттыру, сонымен қатар сапа мәселелерін шешуге бағытталған іс-шараларды жандандыру.

Шағын конференцияға Тараз қаласының №16,29,49, 125 мектептерінің оқушылары, Жамбыл ауданының Антон Макаренко мектебі, Айша бибі орта мектебі, Байзақ ауданының Ғани Мұратбаев атындағы гимназия мектебінің оқушылары, Жамбыл политехникалық колледжінің және №16 Жуалы колледжінің білім алушылары зерттеу жұмыстары бойынша баяндама жасады және зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ұсынды.

Қарастырылған зерттеу жұмыстарында өзекті сұрақтар қарастырылып, эксперименттік зерттеулер жүргізілген, қатысушылардың дайындығы өте жоғары, үздік жұмыстар I, II, III дәрежелі Дипломдармен марапатталды, қатысушыларға сертификаттар берілді және жетекшілеріне жобаға қатысқан білім алушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға және дамытуға жағдай жасап, сапалы дайындағаны үшін Грамота және Алғыс хаттар берілді.

2

3

4

5

6

7

8

Top