Туған ел - тұғырың, туған тіл - қыдырың

Мәңгілік Ел болуымыздың түп-тамыры тым тереңде. Соның ішінде ана тіліміздің алар орнының тіптен айрықша екеніне ешкім дауласа алмайды. Бүгінгі тәуелсіз еліміздің ілгерілеп, осыншама өркениет биігіне жетуі, барлық рухани құндылықтарының жарқырай көрінуі айналайын ана тіліміздің арқасы десек еш қателеспейміз.

Ахмет Байтұрсынұлының: «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл, сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады, өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады» дегені тағы да еске түседі. Иә, мына тынымсыз тіршіліктің тізгінін ендігі жерде тіл арқылы ғана ұстай аламыз. Халқымыздың салт-дәстүрін сақтап, келешек ұрпаққа әуелгі мөлдір тамшыдай қалпында жеткізу де баршамыздың парызымыз. 

Жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында 30 қараша күні, «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының аға оқытушылары Юсупова Л., Байдильдаева А., Джумабекова Г. «Туған ел - тұғырың, туған тіл – қыдырың» атты тақырыпта ашық кураторлық сағат ұйымдастырды. Сабақ барысында студенттер бірнеше доклад оқып, өз ойларымен бөлісті. 2-ші курс студенті Шамшиева Дидар: «Біздің елімізде бір шаңырақтың астында әр ұлттың өкілдері татулық пен достықта бейбіт өмір сүріп жатыр. Бұл Қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын Қазақ халқының мінезінен жаралғаны белгілі екенін» айтты.

«Қай қоғамда, қай кезде болса да ұлы қазақ тілінсіз ұлттық сана орнықпайды. Тәуелсіздігіміздің тірегі – Тіл. Тілден асқан құндылық, тілден асқан киелі байлық жоқ. Ол үшін, әлбетте, бабадан балаға ғасырлар бойы жоғалмай, тоналмай, жойылмай жеткен киеміз – қазақ тілі мен салт-дәстүрімізді жөнімен, жолымен насихаттағаннан ұтпасақ, ұтылмаймыз» деп келген қонағымыз Қасымова Ғ.А. сабақты сөзімен аяқтады.

1

2

3

4

Top