ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПТІҢ ӨРКЕНДЕУІ – ЖАСТАР ҚОЛЫНДА

«Технолог» студенттік–ғылыми үйірмесінің (СҒҮ) жұмыс жоспарына сәйкес 23.12.2022 жылы Тараз қаласының мектеп бітіруші оқушыларымен «Жеңіл өнеркәсіптің өркендеуі – жастар қолында» тақырыбында дөңгелек үстел форматында ашық отырыс өтті.  

Дөңгелек үстелдің мақсаты – Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп саласындағы ғылыми-зерттеу іс-әрекеті үшін мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын дамыту. Дөңгелек үстелде мектеп оқушылары мен үйірме мүшелері Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсібінің мәселелерін талқылады.

Дөңгелек үстелді «Текстиль, материалтану және стандарттау» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Шардарбек М.Ш. құттықтау сөзімен ашты. Кафедра меңгерушісі елімізде тері, жүн өңдеу, тоқыма және беймата материалдар өндірісі бойынша мамандар тапшылығына тоқталды.

Технологиялық факультеттің  ғылыми жұмыстар жөніндегі декан орынбасары, PhD доктор, доцент Джумабекова Г.Б. СҒҮ «Технолог» қызметі мен жетістіктері туралы презентация жасады.

Дөңгелек үстелге келген келген Ә.Бөкейханов атындағы №1 мектеп-гимназия, С.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектептің, Ш. Уәлиханов атындағы №32 орта мектептің, М. Әуезов атындағы №33 орта мектептің оқушылары мен «Технолог студенттік-ғылыми үйірме мүшелері, 2 және 3 курс студенттері баяндама жасады. Дөңгелек үстелге келген қатысушылар баяндамаларды қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойып, пікір алмасты.

2

Дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсіп саласындағы кадрларды даярлау бағытты мен өзекті мәселелерін талқылап пікірталас форматында өтті. Баяндамалар мен презентациялардың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының тоқыма, тігін, былғары және аяқ киім өнеркәсібінің мәселелеріне қатысты сұрақтар қойылды. Жеңіл өнеркәсіпті дамытудың, шағын және орта бизнесті дамытудың өзекті мәселелері, жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен студенттерге арналған стартап жобалары қозғалды. Мектеп оқушыларының сұрақтарына «Тоқыма, материалтану және стандарттау» кафедрасының доцент, т.ғ.к. Халметова Ш.Т. жауап берді.

Дөңгелек үстелдің өзекті тақырыптарының бірі жеңіл өнеркәсіп саласы үшін мамандарды даярлауға қатысты мәселелер болды. Соған байланысты «Инновациялық текстиль», «Материалтану және жеңіл өнеркәсіп материалдарының технологиясы», «Былғары бұйымдарының инновациялық технологиялары» білім беру бағдарламалары таныстырылды. Кафедраның аға оқытушы, техника және технология магистрі Юсупова Л.Х. және оқытушы,  техника және технология магистрі Байділдаева А.Қ. мектеп бітіруші оқушыларды мамандық таңдау талаптарымен және жоғары оқу орындарына түсу шарттарымен таныстырды.

«Текстиль, материалтану және стандарттау» кафедрасының PhD докторы, доцент Абзалбекұлы Бекжан дөңгелек үстелге қатысушыларды кафедрада іске асырылып жатқан халықаралық орындалып жатқан  Эразмус+ жобасымен таныстырып, аталған мамандыққа түскен студенттердің шетелдік серіктес университеттерде грант есебінен білімдерін шыңдауға және тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік беретіні туралы айтылды

Зертхана меңгерушісі С.Н. Бурдеева мектеп оқушыларын кафедраның материалдық-техникалық базасымен, зертханалық аудиторияларға экскурсия жасап. Ғылыми үйірме мүшелерінің жұмыстары, бұйымдары мен макеттерімен таныстырды.

Кафедраның оқу шебері Н.Ташшабаев оқушыларды «Технолог» оқу-ғылыми-өндірістік цехымен таныстырды. Бұл цехта студенттер практикалық, курстық және дипломдық жұмыстарды орындайтыны туралы айтылды. Н.Ташшабаев оқушыларды цехтағы технологиялық жабдықтардың, сандық бағдарламалық басқару (СББ) фрезердің, материалдарды кесуге арналған лазерлік престің, тігін машиналарының және т.б. құралдардың жұмыс істеу принциптерімен таныстырды.

Студенттік ғылыми үйірменің ашық отырысының нәтижесінде оқушыларға сертификаттар табыс етілді.

Джумабекова Г.Б. – PhD, Технологиялық факультетінің ҒЗЖ жөніндегі орынбасары

Халметова Ш.Т. – т.ғ.к., «Текстиль, материалтану және стандарттау» кафедрасының доцент

Top