Кәсіптік бағдар беру жұмысы жоспарлы түрде М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде келісе отырып жыл бойы жүргізіледі. Бұл жұмысқа Университеттің технологиялық факультеті «Тоқыма , материалтану және стандарттау» кафедрасының ұжымы белсене қатысуда. Әр оқу жылында кәсіптік-бағдарлау жұмысына арналған жоспары құрастырылып, бекітіледі. Жоспарға сәйкес кафедра ПОҚ-ның Тараз қаласы және Жамбыл облысы, Меркі ауданының орта мектептерінде кәсіби-бағдарлау жұмысы жүргізілді. Жоспарға сәйкес, университеттің «Тоқыма , материалтану және стандарттау» кафедрасының оқытушылары, PhD докторы Джумабекова Г.Б. және аға оқытушы Юсупова Л.Х., кәсіптік бағдар беру жұмысын Меркі ауылының №48 жалпы орта және М.Әуезов атындағы мектеп-лицейға үгіт насихат іс-шараларын өткізіп мектеп түлектеріне қажетті ақпаратпен бөлісті. Соңғы он жылда жаңадан пайда болып, дамып отырған жаһандық тенденциялар Қазақстандық жоғары білім жүйесінің алдында жаңа тосқауылдар қойып отырғанын және сұранысқа ие техникалық мамандықтар бойынша кадрларды сапалы түрде дайындау, түлектердің жұмысқа орналасуын қадағалау жалпы міндеттер қатарында екені айтылып , оқушыларға қажетті ақпараттармен буклеттер таратылды.
Сенің болашағыңның мақсаты - дұрыс мамандықты таңдау!
Кәсіптік бағдар беру — қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды.