Докторлық диссертация сәтті қорғалды

«Химия және химиялық технология» кафедрасының «Химия» мамандығының докторанты Мырзахметов Бауыржан Асқарбекұлы «Фотодинамикалық терапияда қолданылатын фотосенсибилизаторлардың физика-химиялық қасиеттері және кванттық-химиялық есептеулері» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін докторлық диссертациясын 2022 жылғы 28 желтоқсанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ диссертациялық кеңесінде сәтті қорғады.

Ғылыми кеңесшілері:

  1. Цой Ирина Генадьевна – химия ғылымдарының кандидаты, «Химия және химиялық технология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доценті);
  2. Celine Frochot – PhD, Lorraine университетінің профессоры, Нанси қ., Франция.

Бауыржан Асқарбекұлына алдағы уақытта шығармашылық табыстар, ғылыми  жетістіктер мен өрлеулер тілейміз.

«Химия және химиялық технология» кафедра ұжымы.

Top