Қазіргі таңда жастар арасында, әсіресе кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі жөнінде оқу орындарына барып, профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын, оның ішінде кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі сағат 22:00 де ойын сауықтарда отыруы, сондай ақ түнгі сағат 23:00 ден кейін көшеде жүруге болмайтынын, түнде жүрген кезде бірінші ескерту беріліп, сосын айыппұл салынатындығын, егерде осы аталғандар орындалмаған жағдайда есепке алынатынын айтты. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастардың қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажетті екендігін атап өтті.
6В07211 - "Инновациялық текстиль", 6В07116 - “Материалтану және жеңіл өнеркәсіп материалдарының технологиясы”, 6В07511 - «Стандарттау және өнеркәсіпте сапаны басқару» білім беру бағдарламаларында оқитын студенттер туындаған сұрақтарын қойып, қажетті ақпараттарды алды.
Кафедраның аға кураторы Касымова Г.А. сөз алып, жауапты оқытушы Рахманова Ж.С. құқықтық тәрбие бойынша презентация көрсетті.
Жауаптылар: Рахманова Ж.С., Сарыбаева Э.Е., Тулендиева Г.О., Демеуова Г., Халметова Ш.Т., Оңлабекова А. Т.,Ораз Г.Т.