Осыған орай 2023 жылдың 3 ақпан күні кәсіби – бағдар жұмысы бойынша М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеттің «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының оқытушылары Демеуова Г.Б., Ораз Г.Т., Тулендиева Г.О. Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданына қарасты, №1 лицей, Болтай батыр атындағы шағын орталықты орта мектебі, Ә. Бөкейханов атындағы орта мектептерге барып, кәсіби бағдарлау түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кәсіби–бағдарлау жұмысын жүргізу барысында мектеп түлектеріне кафедрадағы 6В07211- «Инновациялық текстиль», 6В07511- «Стандарттау және өнімдер сапасын басқару», 6В07222-«Былғары бұйымдарының инновациялық технологиялары» білім беру бағдарламалары таныстырылды. Мектеп оқушылары ойларыңда жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды.