Аға оқытушы, химия магистрі Алтынбекова Д.Т.
«Ару көктем-Нәзік аналар»
2023 жылы 6 наурыз күні М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Технологиялық факультеті «Химия және химиялық технология» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамын «Ару көктем-Нәзік аналар» тақырыбында 6В05314-«Химия» білім беру бағдарламасының 2 курс В2Хим-1,3 тобының студенттері 8 наурыз халықаралық аналар мерекесімен құттықтады. Мерекелік іс шарада студенттер өз өнерлерімен қонақтарды тәнті етті. Ашық кураторлық сағатта кафедра меңгерушісі РhD, қауымдастырылған професссор Матниязова Г.К. студенттерді және ПОҚ атаулы мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Студенттер, ПОҚ –на арналған интелктуалды ойындар ұйымдастырса, ал Амантаева Сымбат пен Курбанов Диас ән арнады, Қаршыға Балнұр «Ұстаз» тақырыбында өлең оқып, Алламбергенов Бекарыс домбырамен күйлерден папури жасап көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Профессор оқытушылар құрамына студенттер білім нәрімен сусындатып жүргендеріне алғыс білдіріп гүл шоқтарын ұсынды.