Кәсіби-бағдарлау жұмысы

2023 жылдың наурыз  айының 29 күні «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының оқытушылары т.ғ.к. Рахманова Ж.С.,  PhD докторы Маханбеталиева К.Т., аға оқытушы Касымова Г.А. және «Шебер» оқу-ғылыми-өндірістік бөлімшесінің  оқу шебері Абзелбекова Ж.   Жамбыл облысы, Байзақ ауданына қарасты  Ақшолақ орта мектебіне кәсіби-бағдарлау жұмыстарын жүргізу бойынша барып қайтты.

Іс шара барысында  11 сынып оқушыларымен және  олардың ата аналарымен  кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуде болашақ мамандық таңдау бойынша оқушылар мен ата-аналардың көптеген сұрақтарына жауаптар берілді.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің барлық бағыттағы білім беру бағдарламалары бойынша, соның ішінде аталған кафедраға қарасты 6В07211 - «Инновациялық текстиль» және 6В07116 - «Материалтану және жеңіл өнеркәсіп материалдарының технологиясы», 6В07222 - “Былғары бұйымдарының инновациялық технологиялары” және 6В07511 - Стандарттау және өнеркәсіпте сапаны басқару» білім беру бағдарламалары бойынша толық ақпараттар берілді.

Іс –шараға кафедраның «Шебер» және «Өрнек»  оқу-ғылыми-өндірістік бөлімшелерінде студенттердің өздері дайындаған әртүрлі текстиль бұйымдары көрсетілді.

«Шебер»   оқу-ғылыми-өндірістік бөлімшесінен түрлі сәнді замануи трикотаж бұйымдарының түрлері көрсетілді. «Өрнек»  оқу-ғылыми-өндірістік бөлімшесінен басқұр технологиясы бойынша тоқылған сөмкелер, ұлттық нақыштағы балаларға және ересектерге арналған жилеттер, әртүрлі кәдесыйлар, киіз үй жабдықтары және кілемшелер көрсетілді. Бұйымдарды келген қонақтар қызыға тамашалады.

2

3

«Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының оқытушылары:

 т.ғ.к. Рахманова Ж.С.,  PhD докторы Маханбеталиева К.Т., аға оқытушы Касымова Г.А.

Top