Мамандық таңдаудың бір жолы кәсіби бағдар беру

Жастарды мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт беру маңызды  істердің бірі. Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өміріне әсер етеді. Болашақтағы кәсіби мақсатына дұрыс бағыт алған оқушы бойындағы қарым қабілетін шығармашылықпен дамыта білсе сапалы маман ретінде қалыптасатыны белгілі.

Осы мақсатта оқушыларға болашақ мамандық таңдауға көмектесу және пайдалы кәсіп туралы көзқарастарын дамыту үшін М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік университетінің оқытушылары  жыл сайын қала, аудан, ауылдағы білім шаңырақтарына барып, түрлі тақырыптарда еркін әңгіме жүргізеді.

2023 жылдың 25 сәуір күні  “Текстиль, материалтану және стандартизация” кафедрасының т.ғ.к., д.м.а. Рахманова Ж.С., аға оқытушылар Касымова Ғ.А., Тулендиева Г.Т. Сарысу ауданы білім бөліміне қарасты орта білім беру мекемелеріне, яғни Абылайхан мектеп-лицейі, Ш.Уалиханов мектеп гимназиясы, М.Әуезов мектеп гимназиясы, Д.Қонаев, Б.Қашқынбаев, Б.Адамбаев атындағы  орта мектептеріне барып, университеттің барлық білім беру бағдарламалары бойынша түсіндіріп, оқуға шақырды.

2

3

“Текстиль, материалтану және стандартизация”

кафедрасының т.ғ.к., қауымдастырылған проф.м.а. Рахманова Ж.С.

Top