«Салауатты өмір салты»

Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы – денсаулықты сақтаудың басты жолдары – зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігі мәлім.  Денсаулық — тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі шинықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау — бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспеймі

Студенттердің бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу мақсатында Технологиялық факультет, «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының оқытушылары ашық кураторлық сабақ ұйымдастырды.

Ашық кураторлық сабақ, №2 Қалалық емханасының «Жан-Нұр» Жастар денсаулық орталығының жетекшісі Ш.Б.Қалдыбаева, Салауатты өмір салтын насихаттаушы медбике С.Ы.Ыбрайымованың қатысуымен өтті.

Ашық сабаққа, PhD докторы Г.Б.Джумабекова, ғылым магистрі, аға оқытушы Л.Х.Юсупова, ғылым магистрі,  оқытушы А.К.Байдильдаева төрелік етті.

Іс-шара барысында денсаулықты сақтау, салауатты өмір сүру  туралы өзекті мәселелер талқыланып, студенттер келген қонақтардан көптеген  сұрақтарға жауап алды.

Рисунок2

«Текстиль, материалтану және стандартизация»

 кафедрасының аға оқытушысы Л.Х.Юсупова

Top