«Жаңбыр жауса жер ырысы-батыр туса ел ырысы»

Ауған соғысы Кеңес Одағы кезіндегі қайғылы тарихи оқиғалардың бірі. Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шыққанына 34 жыл толмақ. Осыған орай, осы күнді еске алу мақсатынта, М.Х.Дулати университеттінің Технологиялық факультетінің, «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесуге келген ардагерлер - Жамбыл облысы және Тараз қаласы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер одағының төрағасы Қ.Р Құрмет орденінің иегері Қоғам белсендісі, жастар арасында АСЫЛ ЖҮРЕК номинация жүлдегері, Ермеков Дүкенбай Сайлаубекұлы, Ауған соғысы ардагері Сембиев Нұрбақыт Оңланбекович, Ауған соғысы ардагері Сұлтан Ералы, Ардагер, фото журналист Сейітқадыров Төлепберген. Кездесудің мақсаты студенттердің бойына патриоттық сезімді қалыптастыру, ерлікке тәрбиелеу - Ауған соғысы туралы және оған қатысқан қазақстандықтардың ерен ерліктері туралы мәлімет беру болды. Ауған соғысының ардагерлеріне және олардың отбасыларына құрмет көрсетуге тәрбиелеу және олардың ерліктерін жастар арасында насихаттау, өз Отанын, елін, туған жерін сүю, туған жеріне деген сүйіспеншілікті арттыру ең бірінші мақсатымыз – деп сөз барысында айтып өтті  1-курс кураторы Л.Х.Юсупова.

Кездесуге, PhD докторы Г.Б.Джумабекова, ғылым магистрі, аға оқытушы Л.Х.Юсупова, ғылым магистрі,  оқытушы А.Қ.Байдильдаева төрелік етті.

Кездесу барысында Ауған соғысы ардагерлері студенттерден келген көптеген  сұрақтарға жауап берді.

2

3

4

«Текстиль, материалтану және стандартизация»

кафедрасының аға оқытушысы Л.Х.Юсупова

Top