ҚОС ДИПЛОМДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

«Химия және химиялық технология» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қос дипломды бағдарламаның мүмкіндіктері мен артықшылықтары» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Салтанатты жиын   М.Х. Дулати  атындағы Тараз өңірлік университетінің ректоры Байжуманова Мухтар Қазыбекұлының және Д. И. Менделеев атындағы  Ресей химия - технологиялық университетінің ректоры Воротынцев Илья Владимировичтің құттықтау сөзімен ашылды.Іс-шараға РХТУ университеті тарапынан  «Оқу бағдарламаларын дамыту және халықаралық қызмет жөніндегі» проректор орынбасары  - Шахгильдян Георгий Юрьевич, АҚ  «Уралхим» өкілі – Богданова Ольга Викторовна, ЖШС «Қазфосфат» персоналдарды басқару департаментінің директоры - Айтматов Абдинадир Абдисадырович қатысты.Тараптар ынтымақтастық аясында алдағы уақытта бірлесе атқаратын әріптестікті одан әрі нығайту жұмыстары туралы баяндады.

«Химия және химиялық технология» кафедрасының меңгерушісі Маржан Сейітқызы, халықаралық білім беру жобасы аясында студенттердің қолайлы білім алуын қамтамассыз ету үшін атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, қос дипломды бағдарламаның мүмкіндіктері мен артықшылықтарын атап өтті. Іс –шара «Химия және химиялық технология» кафедрасының  белсенді студенттерінің өнерлерімен жалғасты.

 2

3

4

5

6

Top