Пәндік олимпиадаға «Автоматтандыру және телекоммуникация» кафедрасының 6B07122 - «Басқару жүйесіндегі автоматтандыру және ақпараттандыру» білім беру бағдарламаласы бойынша білім алатын 3 курс студенттері Торопов Д., Якубов Р., Сәскебай М. және жетекші оқытушы ретінде кафедраның аға оқытушысы Ж.Е.Шукаманов қатысты.
14 ЖОО қатысқан пәндік олимпиадасының нәтижесі бойынша ІІІдәрежелі дипломмен командалық орын алғаны үшін М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті марапатталды.
Жоғары оқу орындары студенттерінің арасында белсенділік танытқаны үшін М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті атынан қатысқан студенттер Торопов Д., Якубов Р. және Сәскебай М. Алғыс хаттармен марапатталды.Студенттердің жетекшісі Ж.Е.Шукамановқа Алғыс хат берілді.
Жеңімпаздарды Дулати университеті атынан Басқарма Мүшесі – Ғылым және цифрландыру жөніндегі проректоры С.Ә.Орынбаев құттықтады.