Іс шараға Экономика және құқық факультетінің оқытушылары мен студенттері, сонымен қатар философия және саясаттану кафедрасының оқытушылары сабақ беретін бірқатар факультеттің студенттері белсене қатысты.
Режеп Оразбайұлы өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолы мен саяси қызметінің басқа да қырларына тоқталып, шолу жасаса, Дина Дүйсебайқызы Тұңғыш Президент күнінің саяси маңызына және оның еліміздің тәуелсіздігімен тығыз байланысты екендігіне тоқталды.
Сонымен қатар еліміздің саяси құрылымын реформалауда, жаңа Конституцияның қабылдануында, мемлекетіміздің рәміздерін, оның ішінде әсіресе Қазақстанның жаңа Гимнін қабылдауда, ұлттық валютамыз теңгені белгілеуде Нұрсұлтан Назарбаевтың орасан зор еңбек сіңіргені даусыз екендігін атап кетті.
Жиынға қатысқан студенттер Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолы мен саяси қызметінің өздеріне беймәлім жаңа қырларына қанық болды.
Режеп Оразбайұлы Баярисов
«Философия және саясаттану» кафедрасының
аға оқытушысы