Мемлекеттік халықты жұмыспен қамту орталығы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде жұмыс істейді.
Халықты жұмыспен қамту орталықтарының негізгі мақсаты – азаматтар мен жұмыс берушілерге еңбек делдалдығын көрсету, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын жүзеге асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру болып отыр.
Осы орайда, биылғы жылғы тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Менеджмент» кафедрасының «Менеджмент» және «Мемлекетті жергілікті басқару» мамандықтарының кураторлары Сулейменова Индира Қосаманқызы және Қалымбетова Салтанат Досымжанқызының ұйымдастыруымен В17МД - 1, 3,4; В17ГМУ – 4 тобы студенттерінің қатысуымен «Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары» тақырыбы бойынша ашық онлайн кездесу өткізілді. Кездесуге «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы АҚ-ның бас есепшісі Сапаров Алмас Қуанышұлы және Жамбыл ауданы әкімдігінің Ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы Құтжан Бақытжан Райымбайұлы шақырылды. Кездесу тығыз талқыға салынып, шақырылған қонақтар жұмысқа қалай орналасулары жөнінде, сонымен қатар қазіргі таңда жұмысқа орналасу үшін қандай талаптар қойылатыны жөнінде өз тәжірибелерімен бөлісті. студенттер өз сұрақтарының жауаптарын алғандарына дән риза болды.
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті,
«Менеджмент» кафедрасының
аға оқытушысы, э.ғ.м.
Сулейменова Индира Қосаманқызы