«Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу профилактикасы» тақырыбында кездесу өтті

Дулати университетінің «Экономика және құқық» және «Технологиялық» факультеттерінің кураторлары Теңізбаева Д.С., Рахманова Ж.С. ұйымдастыруымен барлық 1 курс және 2 курс студенттеріне Жамбыл облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі өкілдерінің қатысуымен «Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу профилактикасы» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге Жамбыл облысы, Тараз қаласы Полиция басқармасы, 1 полиция бөлімі, Жергілікті полиция қызметінің бөлімшесі, Ювенальдық полиция тобы, учаскелік полиция инспекторлары - аға УПИ полиция майоры Халматов Фарух Абдимуталович, полиция майоры Неметов Али, полиция аға лейтенанты Аманова Мадина Бахытовна, полиция лейтенанты Баймамыров Нұрәлі Манатович қатысты. Кездесуде жастар арасындағы бопсалау, есіркі саудасы, интернет алаяқтық, кәмелет жасына толмағандар арасындағы құқық бұзушылық тақырыптары талқыланып өзара сұрақ-жауаптар орын алды.

2

3

4

«Экономика және құқық» факультетінің
аға кураторы Теңізбаева Д.С.

Top