«КЕЛ, БАЛАЛАР, ОҚЫЛЫҚ!»

Бір аллаға сыйынып,

Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық!

«Су ресурстары» кафедрасының аға кураторының ұйымдастыруымен «Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл» толуына орай «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында ашық кураторлық сағаты өткізілді.

Міне, Қазақ даласында алғаш қазақ мектептерін, алғашқы қыздарға арнаған мектеп-интернат ашқан Ыбырай атамызға 180 жыл толуда. Осы мейрамға орай 2021 жылдың 30 наурыз күні «Су ресурстары» кафедрасының 2 курс студенттері Ыбырай Алтынсарин атамыздың әндерін оқып, жарыс ұйымдастырып, әдеби шығармаларымен тереңірек танысты. Бұл іс-шара мемлекеттік қайраткер, ағартушы педагог Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай студенттердің онлайн форматта зумм бағдарламасында бас қосып – «Алтынсарин оқулары», «Көркем-өнер шығармасы», «Театрлық көрініс» сияқты бағдарламалар, слайдшоу-видео бейнекөріністерін көрді.

Міне биыл қазақтан шыққан алғашқы педагогтың туғанына 180 жыл толып отыр. Мүндай айтулы датада біздің жастарға түсетіні Ыбырай Алтинсариннің жүзеге асыруға тырысқан мақсатын жүзеге асыру және ағартушының бізге қалдырып кеткен еңбектерін қадірлеп, ол еңбектердің мәңгі өмір сүруін қамтамасыз ету.

Болашақта бұл іс-шара дәстүрлі түрде атқарылмақ ойы бар.

 

«Су ресурстары» кафедрасының аға кураторы Байжигитова М.Т.

Top