«Су ресурстары» кафедрасының аға кураторының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «ТҰҒЫРЫ БИІК - ТӘУЕЛСІЗДІК» тақырыбында ашық кураторлық сағаты өткізілді.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 2021 жылды – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы ретінде жариялады. Мемлекет басшысы былтырғы қазан айының 22-і күні ұйымдастырылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында биылғы жаңа жыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы атауымен айрықша атап өтілетіндігін айтқан болатын. – Біз қастерлі Тәуелсіздіктің отыз жылдығына қадам басамыз.

Бұл – баршамызға ортақ өнегелі өлшем, тағылымды кезең. Жаңа мемлекет құруға атсалысқан бүкіл халқымыздың ерен еңбегінің тарихи шежіресі. Сондықтан, мен келесі жылды «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» деп жарияладым. Өткен әрбір он жылдық атқарған миссиясы тұрғысынан ғасырдың жүгін арқалап тұр.   Алғашқы он жылдық егемен Қазақстанның өз дербестігін қалыптастыру кезеңі болды. Екінші он жылдықта еліміз тұғырын нықтап, керегесін кеңейтіп, іргесін бекітті.  Үшінші он жылдықта мемлекетіміз шын мәнінде кемеліне келіп, әлемдік саясаттың төріне озды, – деді. Біз жыл сайынғы дәстүр бойынша Тәуелсіздік күні қарсаңында осындай азаматтарды ұлықтаймыз. Бүгін менің Жарлығыммен бірқатар қайраткерлер мемлекеттік марапатқа ие болды. Атап айтқанда, биыл еліміздің ең жоғарғы атағы Мұрат Амангелдіұлы Қайыргелдинге берілді. Ол өндіріс саласын өркендетуге қосқан зор үлесі үшін «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ» атанды. Осындай азаматтардың еңбек жолы көпшілікке, әсіресе, өскелең ұрпаққа жақсы үлгі.

Ер етігімен қан кешкен алмағайып кезеңдерде ұлттың ұлы ұраны – Тәуелсіздік болатын! Елім деп еміренген жас боздаққа жалын берген, жатса түсінен, тұрса есінен кетпеген қасиетті сөз тағы да осы – Тәуелсіздік. Қазақ халқы осы арманға қол жеткізіп, бүгінде егеменді елге айналды. Әр адамның өмірбаяны болатыны секілді, әр ұлттың да өмірбаяны болады. Біздің ұлттың кешкен мехнаты, көрген қасіреті қаншалық көп болса да, бақыты да сондай баянды, мәңгілік болады деп сенемін.Ұлан-ғайыр далада ерекше сымбатымен бой көтерген Астана – бүкіл қазақстандықтардың үкілеген үмітіндей, аласармас арманындай биік. Ғажайып өнер туындысындай әсем қала жергілікті тұрғындардың ғана емес, бүкіл ел тұрғындарының өміріне жаңа леп, жақсылыққа ұмтылыс әкелуде. Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздігіміздің 29-шы жылы күрделі, қиын әрі ерекше болғанын атап өтті. Мұндай тағдыршешті сынақтар әр ұрпақтың басына түсе бермейді. Жаһандық дағдырысты еңсерген мемлекетіміз бұдан да зор мақсаттар мен міндеттерді көздейді. – Алдағы жыл – межелі кезең. Бұл жыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтеді. Бұл өткенге көз жүгіртіп, қорытынды жасайтын уақыт. Халқымыз үшін осы маңызды датаны нақты істермен және жаңа жобалармен қарсы аламыз. Қазір, құдайға шүкір, беті қайтып келеді деп айтуға болады. Екпе жасайтын ем дәрілер жасалып жатыр. Бізге де жетіп қалар. Бірақ болжам бойынша, әлі де алда ауыр күндер болатын секілді. Сақтықта – қорлық жоқ. Осындай кезде адамға қажет екі нәрсе бар, ол – сабыр мен сенім.

Еліміз тыныш, деніміз сау, болашағымыз жарқын, болашақ жастарымыз аман болсын деп тілейік ағайын.

«Су ресурстары» кафедрасының аға кураторы Байжігітова М.Т.

Top