АР-НАМЫС КОДЕКСІ, АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЖӘНЕ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ЕРЕЖЕСІ

Су шаруашылығы, экология және құрылыс институты  «Су ресурстары» кафедрасының жоспардан тыс мәжілісінде  Ар-намыс кодексі, академиялық адалдық және әдеп жөніндегі Кеңес ережесі, сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы кафедра ПОҚ құрамы таныстыру және талқылау жұмыстары жүргізілді.

Кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент С.Қ. Жолдасов мәжілістің әртүрлі мәселелері тармағында ағымдағы 2020-2021 оқу жылы білім орда жоспарына сәйкес бүгінгі кафедра мәжілісінде келесі сұрақтарды талқылауға ұсыныс білдірді:- М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті оқытушысының және студенттің Ар-намыс кодексі (2021ж.); - М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің оқытушылары, қызметкерлері және студенттерінің академиялық адалдық Ережесі (2021ж.); - әдеп жөніндегі Кеңес Ережесі; - сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру бойынша «Парасаттылық мектебі» Ережесі (2021ж.); - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы Стандартты (2021ж).

Жалпы, ТарМУ оқытушыларының және студенттерінің Ар-намыс кодексі, академиялық адалдық және әдеп жөніндегі ережелерінен байқаған шығарсыздар, бүгінгі күні тек өз кәсібінен кәсіпқой болу ғана емес, сонымен бірге зиялы, сыпайы және ұстаздық этика ұстанымдарын да, дұрыс ұстану мен білім алушылардың ар-намысына тимейтіндей тұрғыда дәріс жүргізу керек. Мен жақсы маманмын, кәсіпқоймын деп, студенттерді басына беруге болмайды. Кейбір оқытушылардың кәсіби деңгейі жақсы болғанымен, рейтинг бойынша баллдары төмен болады. Осының бірден-бір себебі, ұстаздық этиканың төмендіңгі деп ойлаймын. Сол себепті, жоғарыда аталған ержелермен тағыда бір, мұқият танысып шығуларыңызды сұранамын,-деді.

Содан кейін, мәжіліс төрағасы сөз талқыға ұстаздарды шақырды.

Сөз алғандар: Ә.Әбдіраманов, т.ғ.д., профессор; Абдиров М., phD, доцент м.а.; Қойшыбаева Г., аға оқытушы, магистр; Байжигитова М., аға оқытушы, магистр.

Ар-намыс кодексі, академиялық адалдық және әдеп жөніндегі Кеңес ережесі, сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы мәліметтерді кафедра ПОҚ құрамының үнемі назарында болсын,- деген шешім қабылданды.

«Су ресурстары» кафедрасының аға кураторы Байжігітова М.Т.

Top