ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ КЕЗДЕСУ

Достық үйі ғимаратында Дулати университеті «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» институты «Өмір тіршілік қауіпсіздігі» және «Экология» кафедраларының студенттері 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні» қарсаңында Жамбыл облысы ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенді өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты: Студенттерді бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу болып табылады.

Студенттерді ыстық ықыласпен Қазақстан халқы бірлігі мерекесімен құттықтады.

130 түрлі ұлт өкілдері мен ұлыстары тату - тәтті тұратын еліміз үшін даталы күннің маңызы зор екенін, Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылу тарихы айтылды.
Айта кетейік, 1 мамыр халықаралық еңбекшілердің бірлік және ынтымақ күнін әлемнің 140 елі атап өтеді екен.

Сондай-ақ, студенттерге еріктілердің осы күнге дейін атқарған қомақты іс-шараларының бейне материалдары LED-экранда көрсетіліп, жастардың бойында лидерлік қасиеттерін айқындайтын тренинг ұйымдастырылды.

Кездесу соңында студенттер естелік суреттерге түсті.

тағылым мол x

Медиа-қызмет

Top