COVID – 19 ВИРУСЫ ЖӘНЕ САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ

«Су ресурстары» кафедрасының 1-4 курс топ кураторлары М.Т.Байжігітова, Қойшыбаева Г.Д., Ержанова Н.К. және Қожамкулова Г.Е.  «COVID – 19 вирусы және сақтану жолдары» тақырыбында 1-4 курс студенттермен Сауран медицина орталығының қызметкерлері арасында кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында Сауран медицина орталығының қызметкерлері коронавирус ауруының пандемиясы туралы толық мағлұмат берді. Коронавирус ауруының пандемиясы 2019 жылы, желтоқсан айында Қытайдың Ухань қаласының тұрғындары түсініксіз пневманияға шалдыққаны анықталған кезден басталады екен. Аталған вирус адамдарда COVID-19 деп аталатын инфекциялық ауру тудырады. Оның негізгі сипаты–өкпені зақымдауында. Вирусты жұқтырған адам еркін тыныстай алмайды, жөтел қысып, ыстығы көтеріледі. Бұлшық ет ауырады, іші өтіп, әлсіздік пайда болады. Алайда аталған сипаттамалар кәдімгі тұмауға ұқсағанымен, COVID-19 коронавирусының инфекциясы әлдеқайда қауіпті. Ауру туралы негізгі ақпаратты аурудың белгілерін, асқынуларын, оның қалай берілетіндігі және оны басқаларға таралуын қалай тоқтату керектігін түсінуіміз керек. Коронавирустың белгілері өткір респираторлық инфекция мен тұмау белгілеріне ұқсас болып келеді:Түшкіру,Әлсіздік,Бас ауру,Дене қызуының көтерілуі,Тамақтың жыбырлауы,Кеуде қуысының ауыруы,Жүрек қағысының жиілеуі,Тыныс алудың жиілеуі, Коронавирус қалай таралады?

COVID-19 вирусы екі түрлі жолмен:Жөтелгенде, түшкіргенде, ауру адаммен сөйлескенде ауа арқылы және тұрмыстық заттар арқылы таралады.

Коронавирустың алдын алу жолдары қандай? - Ең алдымен, әрқайсымыз санитарлық гигиена талаптарын сақтауға міндеттіміз. Көпшілік тамақтанатын жерлерге, қоғамдық орындарға, базарларға барудан бас тартқанымыз жөн болар. Қолды жиі-жиі сабындап жуып, арнайы антисептикалық құралдарды пайдалануымыз керек. Үйімізді (жұмыс орнымызды) таза ұстауға тырысуымыз керек: жиі-жиі сумен жуып, ауаны тазартып отырғанымыз дұрыс.Түшкіргенде, жөтелген кезде мұрнымыз бен аузымызды бір реттік сулықтармен жабуымыз керек. Ортақ тұрмыстық құралдарды пайдаланбағанымыз жөн болар.

Коронавирус белгілері неше күнде білінуі мүмкін?- Вирус жұққан күннен бастап 14 күннен 28 күнге дейін біліне бастайды. «Ресейлік «Спутник V» вакцинасының сапасы жеткілікті деңгейде тексеруден өтті ме деген мәселеге келсек, аталмыш вакцина Ресей Федерациясында мемлекеттік тіркеуден өтті және бірнеше ай бойы халықтың осал топтарын иммундау үшін қолданылып келеді. Ресей Федерациясының Тікелей инвестициялар қорының мәліметтері бойынша бұл вакцинаны сатып алуға 50-ге жуық мемлекет өтініш берген, ал кейбір елдер (Беларусь, Аргентина, Сербия) қазірдің өзінде оны сәтті қолдануда», - деп түсініктеме берді мамандар ресейлік вакцинаға қатысты. «Қазіргі уақытта ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ресейден басқа, «Sinovac», «Sinopharm» (Қытай), «Phizer» (АҚШ) қоса алғанда, коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина өндіруші бірқатар мемлекеттермен келіссөздер жүргізуде», - деді ДСМ өкілдері. «Вакцинацияның электрондық паспорты дегеніміз –вакцинаның медициналық тарихы. Бұл вакцина қабылдайтын халықты бақылау және мониторинг жүргізу және үздіксіз жүргізу үшін денсаулық сақтау саласындағы негізгі модуль (функционалдылық). Қазіргі уақытта Вакцинацияның электрондық паспортын әзірлеу аяқталып келеді. Паспорттың жұмыс қабілеттілігі медицина қызметкерлері үшін Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық ресурстары арқылы, ал пациенттер үшін - eGov Mobile мобильдік қосымшасын пайдалану арқылы іске асырылатын болады», - деді мамандар.

Байжігітіва Мадина Төреханқызы

Top