КІТАПХАНА – МӘРТЕБЕСІ БИІК КИЕЛІ ШАҢЫРАҚ

Кітапхана - М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ақпараттық-ресурстық орталығы. Кітапхана 1962 жылы гидромелиоративтік-құрылыс институтының ашылуымен қатар құрылған.

Бүгінде кітапхана қызметінің бағыттары:

- қорды қалыптастыру;

- кітапхананың анықтамалық-библиографиялық қорын ұйымдастыру және жүргізу;

- электрондық ресурстардың ақпараттық технологияларын енгізу;

- ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу.

Студенттер мен оқытушыларға 3 пунктте қызмет көрсетіледі: 1 Абоненттік бөлім. 2. Электрондық ресурстар залы. 3. Оқу залы.

Студенттер мен оқытушылар сайтта отандық толық мәтінді кітапханалық электрондық ресурстарды www.kazzneb.kz. сондай-ақ республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхананы (РМЭБ) пайдалана алады. Ақпараттық ресурстарды кеңейту мақсатында ғылыми кітапхана ай сайын республикалық жоғары оқу орындары арасындағы электрондық кітапхананың ДБ-на өзінің ғылыми және оқу ресурстарын ұсынады (www.rmeb.kz).

WhatsApp Image 2021 10 20 at 15.50.48 1

Оқырмандардың көбі кітапхананың ақпараттық ресурстарын қашықтан пайдалануды жөн көреді, пайдаланушылардың электрондық ресурстарды пайдалануға сұранысы артты.

Гидрокешеннің кітапханалық-ақпараттық орталығының осы қызметкерлеріне байланысты 6В08613 – Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету және суды бұру, 6В08614 – Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар, 6В08615 – Су ресурстарын басқару білім беру бағдарламаларының 1, 2 курс студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. Библиограф Увалиева Ш.Ж. студенттерге кітапханалық интернет ресурстарын қалай пайдалану керектігін, қажетті оқу және ғылыми әдебиеттерді қалай табуға болатынын түсіндірді. Студенттер Ш.Ж. Увалиеваға толық ақпарат бергені үшін алғыстарын білдірді.

"Су ресурстары" кафедрасының аға кураторы Қожамқұлова Г. Е.
2 курс кураторы Қойшыбаева Г. Д.

WhatsApp Image 2021 10 20 at 15.50.48

WhatsApp Image 2021 10 20 at 15.50.48 2

Top