ПРОФЕССОР ЖАНАЙ САГИН СЕМИНАР ӨТКІЗДІ

«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқытушылық қызметке тарту үшін шетелдік ғалымдардың санын бөлу жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің 2021 жылғы 19 шілдедегі №349 бұйрығын іске асыру мақсатымен М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті АҚШ (Канада) Мичиган университетінің профессоры Жанай Сагинды шақырды. Профессор Жанай Сагин «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының профессор-оқытушылық құрамы мен магистранттарына, докторанттарына, студенттеріне арнап 2021 жылғы 02 мен 30 қараша аралығында «Американдық кеңес UniCEN және USDTA бағдарламасы аясындағы халықаралық ғылыми жобалар» тақырыбында дәріс, семинар мен институт кафедраларының ПОҚ-н танысып, дөңгелек үстелдер ұйымдастырып, оқытушылармен пікір алмасты.

2

18-қарашада кафедраның профессор-оқытушылар құрамымен кездесу аясында профессор Жанай Сагин жоғарыда аталған тақырыбы бойынша өзінің ғылыми зерттеулерімен таныстырды. Жобаның зерттеу мақсаттары: 1) жерді және жерасты суларының тепе-теңдігін қашықтықтан зондтауды, геоақпараттық жүйені (ГАЖ) торды бақылаумен, Шу-Талас өзенінің бассейніндегі климатты қайта талдау өнімдерімен бірге кешенді сандық бағалау; 2) су балансы (1) және өзен ағындарын бақылау деректерімен расталған жер үсті және жер асты суларының аралас гидрологиялық моделін құру; 3) бассейнде судың қол жетімділігі мен таралуын болжау үшін дәлелденген және калибрленген модельдер мен болашақ климаттық болжамдарды қолдану.

Профессор 24-қарашада М. Х. Дулати атындағы ТарРУ «Су шаруашылығы және табиғатты өйлестіру» институтының «Су ресурстары» кафедрасының ПОҚ  және кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің басшылары мен өкілдері «Қазсушар» РМК ЖФ директордың орынбасары Зарубаева Ғалия Ғаббасқызы, ҚР ЭГжТРМ СРК ШТБИ басшысының орынбасары Ибраев Талғат Қоспанұлы, «ҚазСШҒЗИ» ЖШС, директордың орынбасары Ибраев Тұрсын Тұрмаханұлы, «ҚазСШҒЗИ» ЖШС,"Мелиорация, экология және суды пайдалану" бөлімінің жетекші маманы Джайсамбекова Р. «Орта Азия және Қазақстан мемлекеттерінің трансшекаралық су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастығының проблемалары мен перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстелде өзекті мәселелерді қозғады. Қатысушылар қызықтырған сұрақтарына ұтымды жауаптар алды.

3

Сонымен қатар университеттің алдағы ғылыми жобалардағы, халықаралық конференцияны ұйымдастырудағы ынтымақтастық пен академиялық ұтқырлық бойынша тағылымдамадан өту, бағдарламаны дамыту, ынтымақтастық шарттары мен халықаралық конференцияны ұйымдастыру талқыланды.

"Су ресурстары" кафедрасының аға оқытушысы Кожамкулова Г. Е.

Top