«СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ» ДАЯРЛАУ БАҒЫТЫ БОЙЫНША ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАУ ЖӘНЕ БЕКІТУ

23.11.2021 жылы онлайн режимінде ZOOM платформасында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің "Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру" институтының "Су ресурстары" кафедрасының кеңейтілген отырысы өтті. Отырыстың тақырыбы "Су шаруашылығы" даярлау бағыты бойынша оқыту нәтижелерін талқылау және бекіту".

Тақырыпты талқылауға облыстың су шаруашылығы кәсіпорындарының өкілдері және "Су ресурстары" кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының мүшелері қатысты.

Кафедра меңгерушісі қонақтар мен ПОҚ мүшелерін қарсы алды және магистратура мен докторантураны «Су шаруашылығы»  даярлау бағыты бойынша оқыту нәтижелерінің тізбесімен таныстырды

Қазсушар РМК - директордың орынбасары Зарубаева Г.Г., Шу-Талас бассейндік инспекциясының РММ - басшының орынбасары Ибраев Т.К. , ҚазСШҒЗИ ЖШС -  бас директорының орынбасары Ибраев Т.Т., "Мелиорация, экология және сумен жабдықтау" бөлімінің жетекші маманы Р. Джайсамбекова магистратура мен докторантурада кадрлар даярлау бойынша өз ұсыныстары мен толықтыруларын білдірді.

Талқылаудан кейін "Су шаруашылығы" даярлау бағыты бойынша оқыту нәтижелері бекітілді.

"Су ресурстары" кафедрасының аға оқытушысы, магистр Ержанова Н. К.

Top