«МАМАНДЫҒЫМ - МАҚТАНЫШЫМ!»

6В08615 – «Су ресурстарын басқару» мамандығының 3 курс студенті Қуандық Нұрзия Жомартқызы «Мамандығым - мақтанышым!» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада су шаруашылығының өзекті мәселелері қарастырылды. Су — тіршілік көзі, табиғатта ең көп таралған зат. Су Жер шарының 3 / 4 бөлігін алады. Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді, табиғаттағы барлық тіршілік атаулының құрамына кіреді.Тірі ағзалардың 60-70 %-ы , ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады. Су — тамақ рационының маңызды құрамдас бөлігі. Сусыз тіршілік жоқ. Адам шөлдегеннен гөрі аштыққа шыдамды келеді екен. Зат алмасудың барлық процестері судың қатысуымен атқарылады.Тамақты сіңіру, қанға нәрлі заттардың жетуі сұйық ортада өтеді. Зат алмасудың зиянды өнімі организмнен су арқылы шығарылады. Организмде судың жеткіліксіз болуы шөлдеуге әкеліп соқтырады да, судың артық болуы жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын қиындатады. Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру.Үнемшілдікке тәрбиелеу.

Қоршаған ортаны қорғауға ауаны,суды ластамауға шақыру. Қазақстандағы ірі көлдер мен өзендер туралы әңгімелеу. Адам табиғаттан суды таза күйінде алады, ластанған күйде қайтарады. Өзен мен көлдерге, зауыт, фабрика, тұрғын үйжайлардан сарқынды сулар құйылады. Одан өзен мен көлдегі балық пен басқа жәндіктері қырылып қалады, тіпті адамның өзі де шомылуға қауіпті.Тұщы су жер бетінде аз, ал біз оны ластаймыз. Сондықтан біздің елімізде су қоймаларды қорғау туралы арнайы заң бар.Онда қолданылған су өзен мен көлдерге ағызыларда міндетті түрде зиянды қоспалардан тазартылуы тиіс делінген. Суды арнайы қондырғылар арқылы тазартылады. Өзен мен көл сулары таза болуы үшін оны қоқыстаран тазартуы керек. Күл-қоқысты тастауға болмайды. Суды үнемдеп қолдану да суды қорғауға жатады. Атам қазақ айтпақшы, «Судың да сұрауы бар» деп тегін айтылмаған осыдан болар.

Топ кураторы, Байжігітова М.Т.

Top