ҚР АШҒА академигі Б.М.Қойбақовты еске алуға арналған «Климат және су ресурстары: мелиорация және экология» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

1Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, ҚР АШҒА академигі Б.М.Қойбақовты еске алуға арналған «Климат және су ресурстары: мелиорация және экология» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы ҚАЗАҚ СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ институтының ұйымдастыруымен 4 ақпан сағат 1000 өтті.

Мәжіліс төрағасы - Экология, геология және табиғи ресурстар Вице-министрі - С.С. Қожаниязов, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - Н.М. Нұржігітов, ҚР ЭГТРМ су ресурстары комитетінің Төрағасы - Н.Ж. Алдамжаров, «Қазақстан Су шаруашылығы Қауымдастығы» ЗТБ басшысы - Н. Б. Атшабаров мырзаларға сөз берді.

Конференцияның пленарлық мәжілісінде келесі баяндамалар жасалды:

1) Койбакову Бауржану Мельдебековичу - 70 лет

Балгабаев Н.Н., д.с-х.н., академик АСХН РК, Генеральный директор КазНИИВХ, г. Тараз.

2) Концептуальные основы развития орошаемого земледелия с учетом антропогенной деятельности в условиях изменения климата

Рябцев А.Д., к.т.н., к.э.н. директор «Международного исследовательского центра Water Hub КазНАИУ», генеральный директор «Казгипроводхоз», г. Алматы

3) Нарастание водного дефицита как угроза продовольственной безопасности Центральной Азии.

Ибатуллин С.Р., д.т.н., профессор, директор МУЦ БГТС, г. Тараз

4) Сравнительная характеристика гидрохимических показателей малых рек Окского бассейна.

Мажайский Ю.А., д.с-х.н., профессор, Рязанская государственная сельскохозяйственная академия, г. Рязань, Россия.

5) Автоматизированная система учета распределения водных ресурсов трансграничной реки Аспара.

Джумабеков А.А., д.т.н., зав. лабораторией Кыргызского научно-исследовательского института ирригации, г. Бишкек, Кыргызская Республика

6) Проблемы управления водными ресурсами в Республике Казахстан Бурлибаев М.Ж. д.т.н., зам. генерального директора по науке Казахстанского Агентства прикладной экологии.

Конференцияда келесі секциялар жұмыс атқарды:

1-Секция. Еуразия су ресурстарына климат өзгеруінің әсері. Модератор - С.Р. Ибатуллин, т.ғ.д., профессор;

2-Секция. Трансшекаралық өзендердің алаптарының ресурстары және оларды сақтаудағы қауіп-қатерлер. Модератор О.К. Карлыханов;

3-Секция. Су тапшылығы жағдайындағы мелиоративтік егіншіліктің даму перспективлары. Модератор А.А. Джумабеков;

4-Секция. Су тұтыну мөлшері өсуі және климат өзгеруі жағдайындағы экологиялық проблемалар. Модератор А.К. Заурбек.

Конференцияға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының және «Су ресурстары» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы белсене қатысып, конференция секцияларында баяндамалар жасады. 4 ақпан күні түскі үзілісте академик марқұмға құран бағышталып, ас берілді.

«Су ресурстары» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент Жолдасов С.Қ.

«Су ресурстары» кафедрасының аға оқытушысы Байжігітова М.Т.

Top