"БІЗДЕ СТУДЕНТ БОЛҒАНБЫЗ"

«Су ресурстары» кафедрасының 1-3 курс студенттері Институттың 60 жылдығына байланысты "Бізде студент болғанбыз" тақырыбында түлектермен бірге ашық кураторлық сағатын өткізді.

Бірінші сөз кезегін 3 курс топ кураторы Байжігітова Мадина Төреханқызы және «Су ресурстары» кафедрасының аға кураторы Кожамкулова Гулназ Ерлепесқызы «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының және «Су ресурстары» кафедрасының тарихымен таныстырып шықты. Кешімізді ары қарай 7М08612- «Елді мекендерін сумен қамтамасыз ету және суды бұру» білім бағдарласының 1  курс магистранты Халық Елнұрға, 7М07411-«Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар» білім бағдарласының 1  курс магистранты Джабаев Қуанышқа және 7М08615-«Су ресурстарын басқару» білім бағдарламасының 1 курс магистранты  Карабеков Тимурға берілді. Олар «Менде студент болғанмын» деп өз сөздерін бастап, алдағы отырған студенттерге өздерінің өмірі жайлы, студенттік кезіндегі қандай жетістіктерге жеткендігі туралы әңгіме қозғады. Студент кезіндегі бірнеше мақалалар жазып жүлделі орындарға ие болғанын, өздерінің тыңдай еңбек етуінің арқасында және «Су ресурстары» кафедрасының профессор-оқытушы құрамының берген білімдері және көмегі арқасында студенттер арасындағы ғылыми конференцияларға қатысып жүлделі орын алғандықтары, басқа да қалаларға барып студенттер арасындағы олимпиадаларға қатысып көптеген жүлделі орындарға ие болғандықтарын айтты. Сонымен қатар Дулати университетінің қабырғасында бірнеше студент жастарға арналған студенттік ұйымдар бар екендігін, оның ішінде студенттік белсенділер қатарына жазылғандарын және де «Энактус» жастар орталығына қатысқандарын, «Студент-зерттеуші» атағын жеңіп алғандықтары туралы айтып студенттерді қызықтыруға тырысты.

WhatsApp Image 2022 02 26 at 10.25.38

«Қызығы да», «шыжығы да» қатар жүретін адам өмірінің ең бір қайталанбас, әсем шағы- ол, әрине, студенттік кезең. Балалық еркелікті, мектеп қабырғасындағы аттай он бір жылды да артқа тастап, жаңа кезеңге, студенттік өмірге қадам басу қиын да, қызықты. Ата-анадан жырақта, жатақханада жаңа достармен, жаңа ортада өтетін студенттік өмірдің төрт жылы әр адамның есінде ерекше қалатын жылдар деп есептеймін.

Студенттерге тек қана жарқын болашақ, ашық аспан және бейбіт өмір тілейміз!!!

«Су ресурстары» кафедрасының 3 курс кураторы Байжігітова М.Т.

«Су ресурстары» кафедрасының аға кураторы Қожамкулова Г.Е.

Top