ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ ЖЕТКЕН ЖЕТІСТІКТЕРІ ОРАСАН

2021 жылғы 22 наурыздан биылғы наурызға дейінгі аралықта «Су ресурстары» кафедрасы біршама ауқымды және маңызды оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстар атқарды. Енді сол жұмыстарға жеке тоқталып өтелік.

«Су ресурстары» кафедрадасындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары негізінен, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ғылыми-зерттеу жұмыстары (ҒЗЖ) 2021-2024 жылдарға арналған перспективтік тақырыптық жоспарының негізінде («Методологические и инженерное обеспечение эффективности экспулатации русло-выправительных и берегозащитных сооружений на реках юга Казахстана»;  «Исследование транспортирующей способности потока воды в реках»; «Разработка и исследования новых конструкции сопрягающимх сооружений») үш тақырыпта жүргізіледі. Жалпы бұл жұмыс 2021-2022 оқу жылында басталды.

Ғылым мен өндірісті интеграциялау мақсатында кафедра «ҚазСШҒЗИ» ЖШС-мен (Тараз қаласы) және «Қазсушар» РМК және «Шу-Талас бассейндік инспекциясы» РМК тығыз байланыс орнатқан. Кафедрада ғылыми жұмыстарды орындауға жақсы зертханалық жағдай жасалған. Докторанттар мен магистранттар зерттеу және тәжірибе жұмыстарын жүргізу үшін «Гидравлика және гидротехникалық құрылымдар» зертханалары заманауи жабдықтармен толықтырылып, зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Су ресурстары» кафедрасынан ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалы-мақсатты қаржыландыру байқауына келесі жұмыстар қатысты:

  1. «Внедрение технологий эффективного сохранения, очистки и использования воды в Казахстане». Жалпы құны – 400 миллион теңге. Жетекшісі – С. Қойбақов, Орындаушылар: С. Жолдасов, Н.Жоламанов, Т.Иманалиев.
  2. Государственный инвестиционный проект: «Увеличение уставного капитала НАО «Таразский региональный университет имени М.Х. Дулати» с последующим увеличением уставного капитала НАО «Таразский региональный университет имени М.Х. Дулати» с целью реализации проекта «Научно-образовательный хаб водного хозяйства и перерабатывающей промышленности» (жалпы құны – 4 миллиард теңге).
  3. Батыс Мичиган университеті професоры Жанай Сағынның жетекшілігімен құны 38000 АҚШ доллары болатын халықаралық грантқа жоба жіберілді, бірақ грант ұта алмадық.
  4. Кафедра профессоры С.Койбақов«Развитие институционального потенциала для устойчивого развития подземных вод в Центральной Азии с упором на Каракалпакстан, бывший регион Аральского моря в Узбекистане» тақырыбындағы шаруашылық есептегі теманы басқарады, қаржыландыру көлемі 22500 АҚШ доллары. Орындалу мерзімі 01.07.2020-30.06.2021 жылдарда.

Бұл жобаға Небраска университеті (АҚШ), ТИИМСХ (Ташкент), Қарақалпақ мемлекеттік университеті (Нүкіс, Өзбекстан Республикасы), Назарбаев Университеті және Тараз университеті қатысады.

Осы тема тақырыбында профессор С.Қойбақов жетекшілігімен 2021 жылы қарашаның 3-4 күндері американдық кеңестің Орта Азия университеттері серіктестігі бағдарламасы  (UniCEN) қаржыландыратын семинар өтті. Өңірдегі су ресурстарын басқару аясында академиялық және зерттеу әлеуетін дамытуға бағдарланған жарияланымдарды шығару үшін ақпараттарды жинақтау және қаржыландыру мүмкіндіктеріне талдау жүргізу үшін ұйымдастырылған оқу процесі ғылыми пікір алмасу және жаңа зерттеу жобалары көмегімен серіктестікті ұлғайтуға бағытталған. Бұл ағымдағы және болашақ қаржыландыру бағдарламаларымен келісілген қысқаша техникалық құжат дайындау сияқты мәселелер болды.

АҚШ (Канада) Мичиган университетінің профессоры Жанай Сағынның «Су ресурстары» кафедрасында және тағылымдама жоспарына сәйкес «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының бірқатар кафедраларында 4.11-2.12.2021 жылдар аралығында су проблемалары бойынша курстар мен семинарлар өткізді.

АҚШ (Канада) Мичиган университетінің профессоры Жанай Сағын, «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының директоры К.Шилібек, «Су ресурстары» кафедрасының меңгерушісі С.Жолдасов, 5В080500-«Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығының 12 студенті, 6В08615-«Су ресурстарын басқару» білім беру бағдарламаларының 18 студенті,  6В08614-«Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар» білім беру бағдарламаларының 1 студенті, 6В08613-«Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету және суды бұру», білім беру бағдарламаларының 10 студенті, 7М08615-«Су ресурстарын басқару» білім беру бағдарламаларының - 3, 7М08612-«Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету және суды бұру» - 1, 7М07411-«Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар» - 3 магистранты; 8D07411-«Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар» білім беру бағдарламасының – 5 докторанты және кафедраның ПОҚ мен ОКП қатысқан жиында дөңгелек үстел өткізді.

2022-2023 оқу жылына «Су ресурстары» кафедрасы Батыс Мичиган университетінің профессоры Жанай Сағын мен Дрезден техникалық университетінің профессоры Каталин Штефанды университеттің академиялық ұтқырлық жоспарына сәйкес шақырып отыр.   

2021 жылы 30 желтоқсанда өткен «ZIAT» Ғылыми – әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Жас ғалым» атты қашықтықтан ХV-Республикалық оқушылар мен студенттердің ғылыми жұмыстары конкурсына - «Су ресурстары» кафедрасынан 5 білімгер қатысып, олардан үш студент 1-орын және екі білімгер 2-орын алып, студенттер мен жетекшілері дипломдармен марпатталды.

1 орын алғандар – Жанар Мақсатқызы, 7М07441-«ГТҚжҚ» магистр (жетекшісі – С. Жолдасов); Жансая Бейсенбекова, В20УВР-1,3 тобы студенті (жетекшісі – Г. Қойшыбаева); Әміржан Құтжанов В21УВР-1,3 тобы студенті (жетекшісі – Г. Қожамқұлова).

М. Байжігітова жетекшілік ететін Нұрзия Қуандық пен Азамат Аманғалиұлы 2 орын алды.

12 ақпанға дейін Халықаралық студенттер ассоциясының (Қазақстан, Нұр-Сұлтан) «Бөбек» жалпыұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің қолдауымен шығарылатын, еліміздің жастарын қолдау үшін қолға алынған халықаралық «Үздік студент» жобасы аясында «ТМД Үздік студенті» атты талантты жастар байқауына «Су ресурстары» кафедрасынан 5 студент қатысты.

Биыл ақпан айының 7-18 аралығында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де «Auezov university-2022 халықаралық қысқы мектебі «Auezov university -2022 халықаралық қысқы мектебі» ашылып, қысқы мектепте отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының жетекші профессорлары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дәріс өткізді. Аталмыш қысқы мектеп мамандарға өз білімдерін арттырып, білім алушыларға заманауи курстарды игеріп, дипломындағы кредиттер санын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Zoom платформасында 2022 жылғы 7-18 ақпан аралығында, екі апта бойы онлайн форматта өткізілді. «Жер және су кадастрын дамытудың жаңа бағыттары» мектебінде – «Су ресурстары» кафедрасынан С. Жолдасов, М. Әбдіров, Р. Жұрымбаева, Г. Омарова, Г. Қойшыбаева, М. Байжігітова, Г.Қожамқұлова қатысып, сертификат алды.

23-29 қаңтарда «Blue Peace Central Asia» жобасы шеңберінде «Су, Санитария, Гигиена және Денсаулық» тақырыбында біліктілікті көтеру курсы өтті. Лекцияны Швейцария университетінің доктор phD Марина Питер оқыды.

«Су ресурстары» кафедрасынан бұл курсқа С. Жолдасов, М.Әбдіров, Г. Қойшыбаева. Г.Қожамқұлова қатысып, біліктіліктерін көтерді.

«Су ресурстары» кафедрасы «Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Шу-Талас бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі және «Қазсушар» РМК Жамбыл 27 қаңтарда 4 жылдық келісім-шартқа отырды. Келісім-шарт бойынша кафедраның 5В080500-«Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы, 6В08615-«Су ресурстаын басқару»,  6В08614-«Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар», 6В08613-«Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету және суды бұру», 7М08615-«Су ресурстарын басқару», 7М08612-«Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету және суды бұру», 7М07411-«Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар», 8D07411-«Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар» білім беру бағдарламалары осы мекемелерде - студенттер 1 және 2-өндірістік, дипломалды тәжірибелерін; магистранттар мен докторанттар өндірістік және ғылыми-зерттеу тәжірибелерін өте алады.

Одан бөлек «Су ресурстары» кафедрасы Петропавловск қаласы «Таза су» ИПК ЖК ұжымымен (директоры Кендюх Е.И.) біліктілікті көтеру бойынша қызмет көрсету тұрғысында былтыр бір жылға келісім-шарт жасасқан болатын. Соған сәйкес өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысынан су саласының 35 маманы бізге келіп біліктілікті көтеру курсын өтіп, сертификат алды.   

«Су ресурстары» кафедрасы - Ташкент ауыл шаруашылығы ирригациясы және механизациясы инженерлері институты (ТИИИМСХ), Өзбекстан Республикасы (Ташкент қаласы, 100000, Қары Ниязи көшесі 39), Ресей Федерациясы Санкт-Петербург Ұлы Петр Политехникалық университеті, Тәжікстан Республикасы Академик М.С.Осими атындағы Тәжік техникалық университеті, Беларусь ұлттық техникалық университеті, Скрябин атындағы Қырғыз ұлттық аграрлық университеті (Бішкек), Мәскеудің табиғатты үйлестіру университеті (Мәскеу), Ресей халықтар достығы университеті және Қырғыз Ресей Славян университеті (Бішкек), Небраска университеті (АҚШ), Қарақалпақ мемлекеттік университеті (Нүкіс, Өзбекстан Республикасы) және Дрезден техникалық университеттерімен өзара қарым-қатынас (договор о сотрудничестве) туралы келісім-шартын жасаған.

Биыл 8 сәуірге дейін 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды қаржыландыру байқауына «Су ресурстары» кафедрасынан үш жұмыс жіберу жоспарланып отыр.

С. Жолдасов,

«Су ресурстары» кафедрасының меңгерушісі.

Top