ЖАМБЫЛ ГИДРОМЕЛИОРАЦИЯ-ҚҰРЫЛЫС ИНСТИТУТЫНА – 60 ЖЫЛ!

60 ЖЫЛ – СУ САЛАСЫНДА!!!

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті - Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының мұрагері ретінде 60 жыл бойы (1962 жылдан бастап) «Су шаруашылығы» мамандарын даярлауды жүзеге асырып келеді. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті құрамындағы «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының кадрлық әлеуеті мықты, ұжымда 15 ғылым докторы, профессорлар, 40-тан астам ғылым кандидаттары, доценттер, 11 PhD докторлары, 27 магистр, Республиканың су ресурстарын тиімді және ұтымды пайдаланудың негізгі оқу-ғылыми мәселелерін шешуге атсалысып жүр. Институттың екі кафедрасы «Су ресурстары» және «Мелиорация және агрономия» тікелей су шаруашылығы мамандарын даярлаумен айналысады.

«Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтында қазіргі уақытта келесі білім беру бағдарламалары бойынша бакалавриат, магистратура және докторантура мамандарын дайындайды: 6В8613- «Елді мекендерін сумен қамтамасыз ету және суды бұру»; 6B08614- «Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар»; 6В08615- «Су ресурстарын басқару»; 6В08612-«Мелиорация және суармалы егіншілік»; 7М07411 - «Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар»; 7М08613-«Елді мекендерін сумен қамтамасыз ету және суды бұру»; 7М08615 - «Су ресурстарын басқару»; 7М08614-«Мелиорация және суармалы егіншілік»; 8D07411- «Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар»; 8D08612- «Мелиорация және суармалы егіншілік».

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар» және «Мелиорация, жерді баптау және қорғау» білім беру бағдарламалары бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беру үшін диссертацияларды қорғау бойынша диссертациялық кеңес жұмыс істейді.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті жанында «Су шаруашылығы» дайындық бағыты бойынша жобаларды басқарудың республикалық оқу-әдістемелік бірлестік – тобы жұмыс істейді.

Су шаруашылығы саласында кадрлар даярлау үшін оқу-ғылыми және өндірістік міндеттерді орындауға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы қондырғылармен және аспаптармен (Armfield, England) жарақтандырылған мамандандырылған зертханалық база (2,5 мың ш.м. астам) сақталды және жұмыс істеп тұр.

Су шаруашылығы саласының білім беру бағдарламалары бойынша зертханалық-практикалық сабақтар өткізу үшін оқу полигоны құрылды. Сондай-ақ Талас өзенінің бастауында «Жасоркен» оқу-өндірістік-сауықтыру лагері бар, онда білім алушылар үшін гидрометриялық және гидрологиялық практикалар өткізіледі.

«Dulaty University» ынтымақтастық көкжиегін кеңейтуде, Қазақ Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен (ҚазАШҒЗИ), University Nebraska – Linkoln (АҚШ) және т.б. бірлесіп, 100 млн теңгеден астам сомаға бірқатар бірлескен ғылыми жобалар жүзеге асырылуда.

«Dulaty University» Дүниежүзілік банк өткізетін «Орталық Азия білім алмасу желісі: су ресурстары және энергетика бойынша өңірлік ынтымақтастық үшін серіктестікті дамыту (CAKN)» Орталық Азияға арналған су-энергетикалық бағдарламасы (KAWEP) шеңберінде аталған жобаны Қазақстан атынан орындауға қатысады.

Қазіргі уақытта Қазақстанның су шаруашылығы гидротехникалық құрылымдар мен су шаруашылығы жүйелерін жобалау, реконструкциялау, салу және пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қабілетті мамандарға аса мұқтаж. Бұл шаралар әсіресе Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайында өте қажет.

2020 жылы Энергетика министрлігі «ҚР гидроэнергетикалық саласын дамытудың 2020-2030 жылдарға арналған жоспарын» қабылдады, онда «Гидроэнергетика және гидротехникалық құрылымдар» жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарын кадрлық қамтамасыз ету мақсатында 2030 жылға қарай пайдалану персоналының кемінде 1500 маманын даярлау жоспарлануда.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Су ресурстары» кафедрасы әділдігін айтқанда, 1962 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазіргі кезде кафедраға тәжірибелік қондырғылармен, зертханалық және ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін бақылау-өлшеу аппаратураларымен жабдықталған 5 мамандандырылған зертхана бекітілген. Кафедра гидротехникалық құрылымдар мен энергетикалық қондырғылардың жаңа құрылымдарын әзірлеу, сондай-ақ ағынды суларды тазарту технологиясы бойынша үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Студенттердің 70% ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады, өз нәтижелері мен білімдерін тәжірибеде жүзеге асыруға тәжірибе алады.

Ғылым мен өндірісті интеграциялау мақсатында кафедра «ҚазСШҒЗИ» ЖШС-мен (Тараз қаласы) және «Қазсушар» РМК және «Шу-Талас бассейндік инспекциясы» РМК тығыз байланыс орнатқан. Кафедрада ғылыми жұмыстарды орындауға жақсы зертханалық жағдай жасалынған. Докторанттар мен магистранттар зерттеу және тәжірибе жұмыстарын жүргізу үшін «Гидравлика және гидротехникалық құрылымдар» зертханалары заманауи жабдықтармен толықтырылып, зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

«Су ресурстары» кафедрасы 2021 жылдың қаңтар айында «Қазсушар» Жамбыл облыстық филиалымен келісімге отырып, екі жақты серіктестікке жасауға меморандумға қол қойып, мекеменің ғимаратында кафедраның филиалы ашылды.

«Су ресурстары» кафедрасы Қазақстан Республикасының және ТМД елдеріндегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен тұрақты байланыста. Кафедраның оқытушылары төмендегідей жоғарғы оқу орындарымен тұрақты түрде ғылыми және әдістемелік байланыс орнатқан: Скрябин атындағы Қырғыз ұлттық аграрлық университеті (Бішкек), Мәскеудің табиғатты үйлестіру университеті (Мәскеу), Ресей халықтар достығы университетімен және Қырғыз Ресей Славян университеті (Бішкек). Ташкент ирригация мелиорация және ауыл шаруашылығы инженерлері институты (ТИИИМСХ, Өзбекстан), Небраска университеті (АҚШ), Қарақалпақ мемлекеттік университеті (Нүкіс, Өзбекстан Республикасы), Назарбаев Университеті.

«Су ресурстары» кафедрасы «Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Шу-Талас бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі (Тараз қ., Ыбырайым Сулейменов көш., 15, басшысы - Имашева Гульмира Сағынбайқызы), және «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалымен (080012, Тараз қ., Жауғаш-батыр көш. №1, директоры Бедебаев Қазыбек Кошкарбекович) 27.01.2021 жылы өзара қарым-қатынас туралы 27.01.2026 жылға дейін келісім-шартқа отырды. Келісім-шарт бойынша кафедраның 5В080500-«Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы, 6В08615-«Су ресурстаын басқару», 6В08614-«Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар», 6В08613-«Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету және суды бұру», 7М08615-«Су ресурстарын басқару», 7М08612-«Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету және суды бұру», 7М07411-«Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар», 8D07411-«Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар» білім беру бағдарламалары осы мекемелерде - студенттер 1 және 2-өндірістік, дипломалды тәжірибелерін; магистранттар мен докторанттар өндірістік және ғылыми-зерттеу тәжірибелерін өте алады.

06.04.2018 жылы Ташкент ауыл шаруашылығы ирригациясы және механизациясы инженерлері институтымен (ТИИИМСХ), Өзбекстан Республикасы (Ташкент қаласы, 100000, Қары Ниязи көшесі 39) 5 жылға өзара қарым-қатынас туралы келісім-шарт жасалған.

06.04.2016 жылы Ресей Федерациясы Санкт-Петербург Ұлы Петр Политехникалық университетімен 5 жылға Дулати университетінің студенттері, магистранттары, докторанттары және ПОҚ бірлесіп халықаралық білім беру және ғылыми-зерттеу жобаларына, мақалалар шығаруға және конференцияларға қатысуға және т.б. жұмыстарды бірге орындауға шақырады. 2021 жылы келісім-шрат аяқталуына байланысты, биыл қыркүйекте қайтадан келісім-шартқа отыру мәселесі көтерілмек.

21.05.2019 жылы Академик М.С.Осими атындағы Тәжік техникалық университетімен 1.09.2024 жылға дейін келісімшарт жасалды. Келісім-шарт бойынша бұл меморандумнның міндеті – екі ЖОО арасында ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік жұмыстар тұрғысында қарым-қатынас жасау.

Бұдан бөлек 2022 жылы - Беларусь ұлттық техникалық университеті, Скрябин атындағы Қырғыз ұлттық аграрлық университеті (Бішкек), Мәскеудің табиғатты үйлестіру университеті (Мәскеу), Ресей халықтар достығы университеті және Қырғыз Ресей Славян университеті (Бішкек), Небраска университеті (АҚШ), Қарақалпақ мемлекеттік университеті (Нүкіс, Өзбекстан Республикасы) және Дрезден техникалық университеттерімен өзара қарым-қатынас (договор о сотрудничестве) туралы келісім-шартын жасау жоспарланып отыр.

Білім сапасы - кез келген елдің әлеуметтік дамуы мен тұрақты өсуінің негізі болып табылады. «Су ресурстары» кафедрасының оқытушылар құрамының жоғары кәсіби деңгейі және бірегей оқу лабораториясы, жоғары білікті маман болуға, беделді және жоғары ақы төленетін жұмысты табуға, еңбек нарығында сұранысқа ие болуға мүмкіндік береді.

Су ресурстары және суды пайдалану жөніндегі маман мәртебесі кез келген мемлекеттің мақтанышы болып қала береді және біз бұл мамандықты таңдауда, мектеп түлектері үшін критерийдің бірі болады деп үміттенеміз.

Біздің түлектер су шаруашылығы саласының келесі салаларында табысты жұмыс істей алады - гидроэнергетика, туризм, сумен қамту және суды бұру, өнеркәсіптің ақаба суларын тазарту, трансшекаралық өзендердің су ресурстарын басқару, әртүрлі зауыттардағы су айналымы процестерін жүргізу, облыстық және аудандық су шаруашылығы басқармалары, әртүрлі деңгейдегі әкімшіліктерде су маманы, ҚР АШМ су ресурстары комитетінің облыстық «Қазсушар» РМК және т.б.

«Су ресурстары» кафедрасында бүгінгі күні – т.ғ.д., профессор, Ресей жаратылыстану ғылымдары Академиясының академигі, екі дүркін «ҚР ең үздік оқытушысы» грантының иегері - Ә.Әбдіраманов, т.ғ.д., профессор, ӨМА (РАМ) және МАНЭБ академигі, «ҚР ең үздік оқытушысы» грантының иегері - М.Н.Сенников, т.ғ.д., профессор, «Экология және өмір тіршілігі қауіпсіздігі» Академиясының академмигі, «ҚР ең үздік оқытушысы» грантының иегері, ҚР еңбек сіңірген өнертапқышы - С.М.Қойбақов, т.ғ.к., доценттер – Жолдасов С.Қ., Бейсембин Қ.Р., Жұрымбаева Р.А., Омарова Г.Е.; PhD докторлары – Абдиров М., Минарбеков Ж.И.; аға оқытушылар, ғылым магистрлары – Қойшыбаева Г.Ж., Жабағиева Қ.Р., Байжигитова М.Т., Жоламанов Н.Ж., Қожамқұлова Г.Е., Смаилов Б.Ш. және оқу-көмекші персонал, лаборатория меңгерушісі Абдуллаева Э.С., оқу шебері Төреқұлов А.Е., инженер Егенбердиев Н.Т. жұмыс істейді. Қазіргі таңда бүкіл ҚР бойынша барлық дерлік облыстық «Қазсушар» филиалдарын және республикалық бассейндік инспекцияларды, ауыл шаруашылығы министрлігідегі суға қатысты басқармаларды біздің түлектер басқаратынын үлкен мақтанышпен айта аламыз. Кафедраның 60-жылдық тарихы мен күшті профессор-оқытушылар құрамы - бұдан ары да, су мамандарын даярлауда республикадағы негізгі білімордаларының бірі болып қала береді деген үміттеміз.

Абдиров М., «Су ресурстары» кафедрасының доценті, PhD

Байжигитова М.Т., «Су ресурстары» кафедрасының аға оқытушысы, магистр

Top