15 наурызда аталған семинардың лекторы Т. Иманалиев Талас бөгетінде практикалық сабақтар өткізді, осы сабақтың тақырыбы "Экплуатациялық гидрометрияны (ЭГ) өткізу тәртібі. Су шаруашылығы жүйелеріндегі ЭГ ерекшеліктері. Су есебі". Дәріскер су торабының барлық элементтерін және осы объектідегі автоматтандыру тәсілдерін көрнекі түрде көрсетті, сондай-ақ осы учаскеде қандай гидрометриялық жұмыстар жүргізіліп жатқанын көрсетті.
Практикалық сабақтарға "Су ресурстары" кафедрасының оқытушылары Н.Ж. Жоламанов, Ж.И. Минарбеков, Г. Д. Қойшыбаева, К. Р. Джабагиева, сондай - ақ "6В08615-Су ресурстарын басқару" білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері қатысты. Студенттер өз қолдарымен қажетті гидрометриялық өлшеулер жүргізді.
Аталған іс-шараның мақсаты-су шаруашылығы объектілерінде суды есепке алудың, пайдаланудың қандай заманауи әдістері қолданылатынын көрсету.
"Су ресурстары" кафедрасының
аға оқытушыары Джабагиева К.Р., Жоламанов Н.Ж.