Дәріс барысында «Экстремизмге қарсы іс-әрекет туралы» ҚР Заңының экстремизм, экстремизмге қарсы іс-әрекет, экстремизмді қаржыландыру, экстремизмнің алдын алу, экстремистік іс-әрекеттер, экстремистік іс-әрекеттерді ұйымдастыру, экстремистік материалдар, экстремистік топ және экстремистік ұйым сияқты негізгі ұғымдары ашылды.
Бұл дәрістің мақсаты студенттерге Қазақстан Республикасының «Экстремизмге қарсы іс-әрекет туралы» қолданыстағы заңнамасының негізгі нормаларын жеткізу болды.