Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын түсіндіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық туралы жалпы мәліметтер беру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған жол бермеу шараларын талқылау, студенттердің азаматтық ұстанымын, патриоттылығын қалыптастыру, саяси сауаттылығын арттыру.
«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
2020 жылы 9 қарашада әскери кафедра студенттерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы тақырыбында цикл бастығы запастағы подполковник Д.Ж. Қалилаев парасаттылық пен адалдыққа тәрбиелеу негіздері, қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың таралуымен этикалық мәдениет деңгейі жөніндегі мәселелерді талқылады, сондай-ақ парасаттылықты ілгерілету үшін пайдаланылуы мүмкін әзірлемелермен таныстырды.