1 – желтоқсан мемлекеттік тарихының мерейлі күні.
Бұл күннің шығу тарихына шолу жасар болсақ, 2011 жылдың 10 желтоқсаны күні ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының бастамасы мен «Қазақстан Республикасынындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданған болатын. Заң 1 желтоқсан аталып өтілетін – Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті Күнін белгілегенеді. Өйткені 1991 жылы 1 желтоқсанда қазақ елі өзінің тұнғыш президентін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты сайлады. Осыған орай аталған Заңның қабылдануы арқылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Республикаға сіңірген зор еңбегі танылған болатын.
Мұңдай мереке тек біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлемдік тәжрибеде бар процесс. Мәселен АҚШ-та ақпан айның үшінші дүйсенбісі Президент күні. Аталмыш мереке 1855 жылдан бері АҚШ-та жалпы ұлттық деңгейде аталып өтеді. Бұл мереке АҚШ-тың тұнғыш президенті Джордж Вашингтоннның құрметіне арналған. Бұл американдықтардың ертеден тойланып келе жатқан мерекелерінің бірі. Оның тарихы 1782 жылдан бастау алады. Дәл сол жылы Вирджиния штатындағы Ричмонд қаласында 1732 жылдың 22 ақпанында дүниеге келген Джордж Вашингтонның туған күнін тұнғыш рет атап өткен болатын. АҚШ мемлекетінің бастауында тұрған, оның негізін қалаған, елдің тұңғыш мемлекет басшысы болған, елдегі демократялық институттар мен қағидаларын қалыптастыруға айрықша еңбек сіңірген Джордж Вашингтонның туған күні - 22 ақпан бұл елде Президент күні ретінде аталып, 1885 жылы 22 ақпан Вашингтон күні деген атауға ие болған ұлттық мереке ретінде жарияланды. Американдықтар 1809 жылдың 12 ақпанында дүние есігін ашқан Авраам Линкольнді де қатты қадір тұтатындықтан, 1970 жылдары осы екі датаны біріктіріп, ақпан айының үшінші дүйсенбісін Президенттер күні ретінде атап өту қолға алынды. Президент Ричард Никсон дәл осы күні АҚШ-тың барлық президенттерін еске алуды ұсынды, сондықтан бұл елдің анықтамалықтарында аталмыш мереке Вашингтонның және Линкольннің туған кундері және Президенттер күн ретінде көрсетілген.
Исландия елінде бұл күн 14 мамырда тойланады. Мемлекеттің бесінші әрі қазіргі презіденті Олавура Рагнара Гримссонның құрметіне мемлекеттік дәрежеде мерекеленеді. Өзіміздің бауырлас ел Түркия Республикасында 19 мамыр «Ататүрікті еске алу, жастар және спорт күні» 1919 жылы 19 мамырда тәуелсіздік үшін күрескен ұлттық қозғалыстың көшбасшысы Мұстафа Кемал Ататүрік Самсунға келіп, шетелдік интервенцияға қарсы мобилизация жариялаған болатын. Түркия тарихында бұл күн – азаттық үшін күрестің басталған күні.
Қарап отырсақ әлем елдерінде президент күні тәуелсіздікпен тығыз байланысты. Тереңге бармай – ақ, алаш арыстары 1917 жылы желтоқсан айының 5 мен 13 аралығында Орынборда өткен Екінші Жалпы қазақ съезінде Алаш автономиясы жарияланып, жабық дауыс беру нәтижесінде Ә. Бөкейхан жеңіске жетіп, Қазақстанда демократиялық сайлау жолының мықты іргетасын қалаған еді. Бірақ аз уақытта тәуелсіздігімізден айырылып 70 жыл Кеңес Үкіметінің құрамында болдық.
Тек, алып империя құлағаннан кейін 1991 жылы бірінші желтоқсанда жалпыхалықтық сайлауда қазақстандықтар өз еркіммен Қазақстан Президентін сайлады. Еліміз дамудың жаңа жолын таңдады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы басшылығымен халқымыз Тәуелсіздік Туын биікке көтерді. Шекарамызды айқындап, заңды құжатқа айналдырды. Заңымызды, мемлекеттік Рәміздерімізді және рухани құндылықтарымызды қастерлей отырып, өміріміздің сан саласын дамыту, жас мемлекетіміздің абыройын асқақтату жолында тамаша бастамалар өмірге келді. Тұнғыш Президент күнінің ерекшелігі сонда, ол – қазақ халқының мемлекет болып қалыптасуының маңызды кезеңін айқындайды. Ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді. Тұнғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көрегендік саясатының арқасында тәуелсіз Қазақстан Орталық Азия өңіріндегі, ТМД-дағы алдыңғы орынға шықты.
От шашқан домна пешінің ыстығында шындалған Елбасы алға жетелеген елінің арманы, жігерін жаныған ұлтының намысы екені ақиқат. Ол – қазақ халқының қаhармандыққа толы өткенін, жасампаздыққа толы бүгінін, кемел келешегін жалғаушы заман заңғары! «Мәңгілік ел» идеясымен ұлт қамын терең ойлаған, туған елінің туын көкке көтерген Нұрсұлтан Назарбаев – Ұлы Даланың Ұлы Перзенті! Сондықтан да, оның өмірі мен қызметі – ұлтқа үлгі, ұрпаққа өнеге. Осындай мерейлі мерекемен Сіздерді құтттықтай отырып, дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызда табыс, отбасыларыңызға бақ – береке тілейміз.
С. Мұқышев полковник, магистрі
әскери кафедрасының басқарушысы