БІЗ – ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰРПАҚТАРЫ...

     « Тәуелсіздік алу – қиын, ал оны сақтап қалу одан да қиын ». Осы бір сөзді еліміздің тұнғыш президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салтанатты жиын-дарда халықымыздың қаперіне салып келеді. Бұл тектен-тек айтыл-маған сөз... Егер Тәуелсіздіктің 30 жылында еліміздің басынан өткен түрлі жағдайларды сараптай қарасаңыз, бұған анық көз жеткізер едіңіз.

1990 жылы 25 қазанда Жоғарғы Кеңестің сессиясында тұнғыш рет қазақ мемлекеттілігінің егемендігі туралы мәселе қаралды. Онда мемлекеттің егемендігін бекітетін тарихы маңызды құжат Қазақ ҚСР–інің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылданды Қысыл таяң шақта егемендік туралы Декларацияны қабылдау оңай түспеді. Өйткені Одақ пен коммунистік партияның билігі әлі де күшті болатын. 1990 жылы 16 қыркүйекте «Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның» жобасы алғаш рет БАҚ-та жарияланды. Сол кезде одан өзге «Азат» азаматтық қозғалысы да Декларацияның балама нұсқасын әзірлепті. Қалай дегенмен де егемендікті жария еткен құжатты қабылдау барысында егемендіккке қарсы кейбіреулер «мемлекеттік тіл – қазақ тілі», «қазақ ұлты тағдырының жауапкершілігін сезіне отырып» деп келетін тұжырымдарға келіспеушілік танытты. Сонымен бірге сессияда «басқарушы және негізгі күш коммунистік партия болып табылады» деген 6-бапты алып тастау туралы батыл ұсынысқа егемендікті қаламайтын «қызыл коммунистер» көп қарсылық білдірген. Тіпті кейбіреулердің болашақ үшін аса маңызды құжатты қабылдауды кейінге қалдырмақ ойы да болған. Осындай сын сәтте Салық Зиманов, Сұлтан Сартаев сынды ағаларымыз құлдықты көксейтіндерге батыл уәж айтып, ұлт мәселесін төтесінен қоя білді. Буырқанған егемендік рух пен құлдық сана арпалысқан сессияда Декларациядағы 17-бап сегіз сағат бойы талқыға түсті. Кеңестер Одағының талқысы таусылмай жатып, одақтас республикалардың кейбірі тәуелсіздік туралы заңдарды қабылдап үлгергенді. Сөйтіп, КСРО дейтін қараңғы қапастан егемендіктің 15 гүлі қауызын жарып, бүршік атты. Мемлекеттік егемендік туралы құжат республиканың егемендігін баянды еткен тұнғыш заңнамалық акт болды. Бұл құжат бойынша Қазақстан елі халықаралық қатынастарда дербес толыққанды объекті ретінде сыртқы саясатта өзінің мүдделерін айқындап, халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуға мүмкіндік алды. Еліміз егемендік Декларациясы арқылы табиғи байлығымызды, экономикалық және ғылыми техникалық әлеуетін толық меншігіне алды. Қазақстан территориясындағы барлық әскери құрылымдар мемлекет қарамағына өтеді. Декларация бойынша Қазақстан территориясында егемендікке қайшы келетін КСРО заңдарының күші жойылды. Декларация орталыққа бағынышты күйден арылтып, Мәскеумен жаңа жағдайда тең әріптес ретінде ынтымақтастыққа қол жеткізді. Сонымен, Мемлекеттік егемендік Декларациясы – егемендікті білдіретін құр мәлімдеме амбиция ғана емес, шын мәнінде заңдық күшке ие маңызды құжат. Сондықтан да егемендік туралы Декларация кейін 1991 жылдың 16 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы Декларациясымен терең үндестік тапты.

         Кейбір саясаткерлердің пікірінше бұл күнді тәуелсіздік күні деуден гөрі желтоқсан құрбандарын еске алу күні десе болғандай. Өйткені 1986 жылдың желтоқсанның 16 күні кешінде қазақ жастарының үлкен күреске шыққан күні. Бұл күнді тарихи бір сәт десек те болады. Әрине, қарапайым ұғымда. Ал, мұны дүниені жаратылысымен тарих деңгелегінің заманалар белесіндегі қасиетімен даралап айтсақ, Қазақстан тарихында бұл дата ешқашанда ұмытылмайтын, бақытты бағасымен халқымыздың есінде мәңгілік сақтап қалары анық.

           Естелік уақыттан да қымбат...

                      Демеубек Жеңісбекұлы.

                   әскери кафедрасының цикл бастығы 

                                                                                             

Top