Байқау қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен студенттер А.Т. Қолхаметов, А.М. Мадиярхан, Ж. Бақытжанұлы, Б.Р. Нарботаев грамоталармен марапатталды.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БАЙҚАУ
2021 жылдың 26 ақпанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараны мерекелеу қарсаңында Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаевтың бекіткен жоспарына сәйкес, әскери кафедрада студенттерінің арасында «Жауынгерлік даярлық нормативтерін үздік орындау» бойынша байқау өткізілді.
Іс-шараға университет ректоры Е. Әмірбекұлы және проректор Н.Ә. Бейсен қатысты.