ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ТУРАЛЫ» ЗАҢЫН СТУДЕНТТЕРГЕ ЖЕТКІЗУ
2021 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру аясында запастағы майор К.А. Оңалбеков «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңын әскери кафедра студенттеріне жеткізді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңалықтар, құқық бұзушылықтың осы түрі үшін жазаны қатайту туралы айтып, қоғамның немқұрайлы әрекетсіздігінің салдарлары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді күреске шақырды.
Мақсаты: студенттерге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер мен жаңалықтарды түсіндіру, құқық бұзушылықтарға «Мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру және жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.