БАТЫРЛАРДЫҢ ЕРЛІГІ ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

«Наурыз» мерекесі қарсаңында әскери кафедра студенттері неміс – фашист басқыншыларына және жапон милитаристеріне қарсы 7 жыл соғысқан Ұлы Отан соғысының ардагері Хайруллин Минекасым Сангатуловичтің отбасында болды. Ардагердің өмірлік зайыбы Хайруллина Фания апайдың жер телімін жинауға және қоқыс шығаруға студенттер көмектесті.  

Бұл жасалып отырған қайырымдылық іс-шара әскери кафедра басқарушысы полковник Мұқышев Сағат Амангелдіұлының басшылығымен, бірнеше жылдар бойына жалғасып келе жатқандығын айта кету абзал. Соғыс ардагерінің зайыбы Фания апай студенттерге халқымызға соғыстың біздің халқымызға тигізген зардаптары және соғыс кезінде ел қандай қиындықтарды бастан өткергені туралы айтты.

Студент жастар мен әскери кафедра ұжымына батасын беріп, алғыс айтты.  Осындай қайырымдылық шаралары болашақта да жалғасын табатын болады.

 

Top