ИНТЕРНАЦИОНАЛИСТ ЖАУЫНГЕРЛЕРДІ ЕСКЕ АЛУ КҮНІ

Осыдан отыз үш жыл бұрын 1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстаннан шығару басталды. Осы атаулы күнге орай 2022 жылдың 15 ақпанында әскери кафедрада студенттермен ерлік сабағы өтті. Бұл тақырыптық іс-шараға Ауған соғысының ардагерлері запастағы полковник Ж.М. Салиев, запастағы аға сержант Т.Т. Жүнісалиев, запастағы қатардағы жауынгерлер Д. Ботантаев және Б. Ақшалов шақырылды.

Соғыс қимылдарына қатысушылардың сөйлеген сөздері Ауған оқиғалары туралы деректі фильм көрсетілімімен сүйемелденді. Интернационалист жауынгерлер үшін әскери кафедраның студенттері мерекелік концерт дайындап, қабырға газетін шығарды.

 2

3

4

5

6

Top