«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын студенттерге жеткізу
2022 жылдың 10 мен 14 қазан аралығында әскери кафедрада бірінші оқу жылының студенттеріне «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелері жеткізілді.
Цикл бастығы запастағы подполковник Ж.П. Наурызбаев студенттерді әскери қызметтің негізгі ережелерімен және әскери қызметшілердің мәртебесімен таныстырды.
Бұл дәрістің мақсаты студенттерге әскери қызметшілердің құқықтарын, міндеттерін және әлеуметтік қамтамасыз етілуін жеткізу болды.